Балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру — басты мәселе. Ал, 24-маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай, халықтың ғана емес ел ертеңін қалыптастырар бүлдіршіндердің де балалық естелігінде қалады. Өйткені, жойқын жарылыс қазақстандықтар үшін де оңай тиген жоқ. Қазіргі таңда Арыс қаласының балаларына еліміздің түкпір-түкпірінде демалысы ұйымдастырылуда. Осы ретте, Қырғызстан Республикасы Үкіметінің шақыртуымен 150 бала Ыстықкөл өңіріндегі лагерьлерде демалатын болады. 5-тамыз күні жолға шыққан Арыс қаласының балаларын Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова Жамбыл облысының Қордай бекетінен шығарып салды. Ыстықкөлге жеткен Арыс балалары лагерьлерге жайғастырылып, қажеттіліктермен қамтамасыз етілді.
Қырғызстанға жол тартқан арыстық бүлдіршіндер «Қырғызстанның інжу-маржаны» тақырыбында саяхат ұйымдастырылмақ.
Саяxаттың мақсаты — төтенше жағдай факторларының әсері нәтижесінде мектеп оқушыларының псиxологиялық тұрғыда көмек көрсету, сабырлыққа, жанашырлыққа шақыру
«Айғақ-Ақпарат»