Арыс тұрғындарына төленетін өтемақы үшін төлем карточкалары таратылуда. Апаттан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына мемлекет тарапынан төленетін 100 мың теңге өтемақы жарылыс орын алған күнге дейін жергілікті жерде тіркеуде болған азаматтарға беріледі. Осыған сəйкес бір ай уақыт ішінде тұрғындардан өтініштер қабылданса бүгінгі күнге өтемақы төленеді деген халық саны 55 мың 865 -ті құрап отыр. Ол үшін қазіргі таңға Халық банкі тарапынан 33 мың карточка əзірленіп əкелінсе, олар қаладағы 17 сектор арқылы тұрғындарға үлестірілуде. Бұл туралы Түркістан облысы əкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев баспасөз жиынында мəлімдеді. Оның айтуынша тиісті өтемақы банк карточкалары толықтай таратылып біткен соң ғана түседі. Сондықтан дəл қазір Арыс қаласының тұрғындары өз аумақтарындағы секторларға жеке куəліктерін əкеліп тиесілі карточкаларын алуда. Ал бұл жұмыстарды тиімді əрі уақытылы жүзеге асыру үшін Арыс қаласында Халық банкінің 120 қызметкері жұмыс жасауда. Ал жергілікті əрбір тұрғынға төленетін өтемақы үшін Республикалық бюджеттен 3 млрд, облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге қаржы қаралған.
«Айғақ-Ақпарат»