24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай салдары төтесінен 6 шақырым жерде орналасқан Дермене ауылына да зардабын тигізген еді.

24 маусым күні түсірілген сурет. Топаловтар шаңырағы
Оқиға орын алған күні жедел жеткен «Айғақ» телеарнасының журналистері снаряд жарықтары әсерінен шаңырағы ортасына түсіп, күлге айналған Бахыт Топаловтың баспанасын түсірген болатын. Араға ай салып, істің барысын барлап, үй иесінің жағдайын білуге қайта барды.
