• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Тұсаукесер: «ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛҚЫ» атты кітап жарыққа шықты

25.07.2019
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Елбасы және халқы» кітабының тұсаукесер рәсімін өткізді.

Жинаққа Қазақстан халқы Ассамблеясын құруға бастамашы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1995-2019 жылдардағы сессияларда сөйлеген сөздері топтастырылған. Сонымен қатар этномәдени бірлестік өкілдері қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін қалыптастырған кемеңгер саясаткер, дара тұлға Елбасына алғыстарын білдіріп жазған сөздері кіреді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Ж. Түймебаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова,  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директорының орынбасары К. Ақтаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ҚХА осы тарихи сәтке ерекше мән беретенін, тұсаукесу рәсімі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті айқындайтын нышанға ие екенін атап өтті.

«Ассамблеяның төрағасы, Елбасымыздың сөздерінде этносаралық қарым-қатынастағы мемлекеттік саясаттың қалыптасу кезеңдері мен оны дамытудың бағыттары үнемі зерделеніп келеді. Ассамблеяның бірінші сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынасты реттеудің басты ұстанымдарын анықтап берді. Бірінші ұстаным: халықтар арасындағы келісім мен сенім аймақтарының кеңеюі, жанасу нүктелерін табу. Осы ұстаным аясындағы біздің бағытымыз – барлық этностық топтардың қоғамдық келісімін және ынтымақтастырушы жолдарын дамыту болмақ», – деді Ж. Түймебаев.


Ел тарихында Ассамблеяның құрылуы маңызды тұрақтандырушы фактор болып қалыптасты. 1995 жылы Қазақстанның саяси жүйесі өзара үйлесімсіздіктің әсерінен қиын дағдарысқа тап болды. Осы кезде Елбасы Ассамблеяны құрды. Осылайша билік пен қоғам арасындағы ізгіліктің көпірі орнады.

«Кеңес беруші орган ретінде құрылған Ассамблея, кітапта айтылғандай, «жалпыұлттық диалогтың алаңына» айналды. Қазақстанды реформалау мен дамытудың өзекті мәселелерінің барлығында Ассамблеяның үні бар. Бүгінгі таңда Ассамблеяның бастамасы арқасында біздің өмірімізде Саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алу, Алғыс айту күні, Қазақстан халқының бірлігі күні секілді ұғымдар пайда болды», – деп, Ассамблеяның басты маңызды бағыттарын атады Хатшылық меңгерушісі.

Сонымен қатар Ж. Түймебаев Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасына тоқталып өтті. Оның айтуынша, осы құжаттар «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актісін қабылдауға түрткі болып, ол тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан жалпыұлттық біріктіруші құндылықтардың декларациясына айналды. Олар өз кезегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында айқындала түсті.

«Елбасы өз сөздерінде бірлік пен келісімді нығайту мәселелерінде жалпыұлттық құндылықтарды нақтылап көрсетіп отырғанын атап өткім келеді. Ел дамуының әрбір жаңа кезеңінен Ассамблеяның міндеттері қалай өзгергенін байқауға болады. Өз жұмысын консультативтік-кеңесші орган ретінде бастаған Ассамблея бүгін таңда конституциялық органға дейін өсті, парламенттік өкілдікке ие болды. Қазақстан халықтары Ассамблеясы атауы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгерді. Бұл еліміздің қоғамына жағымды әсер етті.

Кітаптан Қазақстан халқы Ассамблеясы өз инфрақұрылымын қалай қалыптастырғанын, азаматтық қоғамның дамыған институттарының біріне айналғанын оқып, білуге болады», – деді ҚХА Төрағасының орынбасары.

ҚХА құрылымдары: Депутаттық топ, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Ғылыми-сарапшылық кеңес, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Журналист-сарапшылар клубы Елбасының саяси жаңалығы болып табылады.

Сонымен қатар кітапта Н. Назарбаевтың қазақстандық келісім пен бірлік үлгісін қалыптастырудағы зор еңбегі көрсетіліп жазылған. Атап айтқанда, этникалық, конфессиялық, мәдени, тілдік әралуандық.

Біздің мемлекетіміз Қазақстанда тұрып жатқан этностардың тілі мен мәдениетінің дамуына мүмкіндіктер беріп, халықтар арасында төзімділік пен жуапкершіліктің, бірлік пен бірігудің үрдісін қалыптастырды. Бүгінде аталған бағыттар этникаралық қатынасты нығайтудағы мемлекет саясатының негізіне айналды.

«Әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен шетелдік сарапшылар қазақстандық үлгіні жоғары бағалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшылары Кофи Аннан мен Пан Ги Мун ҚХА мен БҰҰ-ның ұқсастығын, қос ұйымның принциптерін атап өтті. Ал Ресей Ұлттық стратегия институтының Халықаралық бағдарламалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов Ассамблеяны этникалық өкілдіктің жаңа түрі деп атады. Оның пікірінше, Ассамблея саяси тұтастықты қамтамасыз етеді және этникалық алуан түрлілікті біріктіреді; тікелей демократияның құралы ретінде «халықтық егемендіктің» тұжырымдамасын іс жүзінде іске асырады; тиімді әлеуметтік лифт болып табылады», – деп, әлем саясаткерлерінің пікірімен бөлсті Ж. Түймебаев.

Тағы бір айта кететін маңызды жайт – кітапта «Жеңістер мен жетістіктерді шабыттандырушы», «Елбасының мәңгілік алғысы» атты екі бөлімінде саясат пен қарапайым адамдар өміріндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаған ұлағатты бастамалардың нәтижелері сараланған.

Іс-шара соңында «Елбасы және халқы» кітабының тұсауы кесіліп, мемлекет қайраткері, Елбасының ұстазы Мырзатай Жолдасбеков естеліктерімен бөлісті.

Нұргүл ШАТЕКОВА

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті....

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барлық өңірге ортақ ас берудің дастархан мәзірін әзірледі. Арнайы тізім Астанада өткен имамдар форумында қаралып, мүфтияттың...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШ МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Парламент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады. Жаңа бюджет жобасына сәйкес: - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Вице-министр Тимур Султангазиевтің айтуынша, биыл жедел жәрдем қызметіне қосымша 5 млрд теңге, ал келесі жылы 10 млрд теңге бөлінуі жоспарланып...

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.