• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан: Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жандануы тиіс

24.07.2019
0

 Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық  жөніндегі Кеңестің 2019 жыл бойынша алғашқы отырысы өтті. Мәжілісті облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары М.Есімова мен Кентау қаласы әкімінің орынбасары С.Расұлдың, Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаевтың, Отырар ауданы әкімінің орынбасары П.Жаппарқұловтың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 2018 жылы және 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында тіркелген қоғамдық бірлестіктердің жалпы саны – 121. Облыста республикалық  6 саяси партияның («NurOtan», «Ақжол», «Ауыл», «Қазақстан Коммунистер партиясы», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Бірлік») филиалдары жұмыс жүргізуде.

Биыл облыстағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізгі бағыты, яғни азаматтық бастамалар орталығы,  мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау, экология, туризм, дін және өзге де тақырыптар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілмек. Бұл – үкіметтік емес ұйымдар үшін үлкен қолдау.

Жиында Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Тәжібаев «Қоғамның азаматтық белсенділігі жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл қадамдар жергілікті атқарушы билік жұмысының тиімділігін арттыруға тікелей септігін тигізеді. Әсіресе өңірдегі әлеуметтік мәселелердің шешіміне ықпал ететін жобаларды жүзеге асыруға үкіметтік емес сектордың көмегі мен белсенділігі қажет.

Мәселен кешегі Арыс оқиғасынан соң зардап шеккен қаланы қалпына келтіру, секторларға бөлінген  тұрғындармен келісімдер жасау, олардың сұрақтарын әкімдікке жеткізіп, шешімін табуға атсалысу барысында нағыз азаматтық белсенділер ел ортасынан шықты. Гуманитарлық көмекті бөлу, тарату барысында еріктілер де ерекше үлес қосты. Мұндай халық пен биліктің ортақ мақсатына қызмет ететін азаматтық белсенділік мемлекеттің дамуы мен тұрақтылықтың орнауына ықпал етеді. Қиын сәтте іске асқан осындай бастамалар мен тиімді жүйені өзге аудандарда жүзеге асыруға пайдаланамыз.

Бұдан бөлек үкіметтік емес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігі бірі экология мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Өзге де салаларда атсалысады. Сондықтан ұйымдармен бірлесе қызмет еткен жағдайда ғана қоғамдық күшке айналып, нәтижеге қол жеткізе аламыз»-деп атап өтті.

Ал «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы  «Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасын жетілдіруді, аудандардағы ақпараттық ресурстық орталықтарының әлуетін арттыру  қажеттілігіне, өңірдегі 700-ден астам ҮЕҰ-дың ортақ базаға тіркеу мәселесіне,  үкіметтік емес секторын дамытуға  баса тоқталды.

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасында тиімді ынтымақтастық  орнату негізінде жұмыс сапасын арттыруға бағытталған кеңес отырысында «Береке» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Абдуллаева, «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Ниязова, «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Қ.Керімбеков, Қазақстан Республикасы «Чернобыль Одағы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Әшірбаев сынды азаматтар Түркістан облысының үкіметтік емес ұйымдарына, бастама топтарына, белсенді тұрғындарына оқыту және консультациялық қызметтер көрсету жұмысын күшейтуді, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржыландыруды қоғамның аса қажетті салаларына бағыттауды, ашықтықпен жұмыс жүргізуді, аудандардағы үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындармен тікелей байланысу маңыздылығын ерекше атап өтіп, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

            Осы тұста айта кетерлігі, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық  жөніндегі Кеңестің кезекті отырыстары алдағы уақытта аудан, қалаларда ұйымдастарылатын болады.

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.