• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Тоқаев отбасында болған қайғылы оқиғаны айтты

22.07.2019
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірі мен дипломатиялық карьерасы, бүгінгі қоғам тіршілігіне деген жеке көзқарасы туралы «Президент 2.0» деректі фильм көпшіліктің назарына ұсынылды. Деректі фильм Ресей журналисі Алексей Пивоваров пен Президент арасындағы ашық сұхбат форматында өтті. Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы не айтты? Tengrinews.kz тілшісі сұхбатқа шолу жасады.

«Президент! Президент!» дегенде, Нұрсұлтан Әбішұлы деп қалдым»
Президент көпшілік жиналған шараларда «Президент» деген жаңа лауазымына әу баста үйрене алмағанын айтты.

«Бірақ бұл уақытша ғана нәрсе екен. Жақсы нәрсеге тез үйренесің», — дейді Президент.  Мемлекет басшысы жүгі ауыр бұл лауазымның негізгі мақсаты — бір мемлекеттің қауіпсіздігі мен игілігі сол халықтың алдындағы ең үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

«Адам күн сайын президент болмайды. Әсіресе біздің жағдайымызда. Бұл қазіргі тілмен айтқанда «билік транзиті арқылы іске асты», — дейді ол.

«Қай жерде қателескенімді білемін»

Айналасындағы адамдардың жағымпаздығына қалай қарайтыны туралы журналистің сұрағына Президент ондай әрекеттерді аса ұната бермейтінін айтты.

«Білесіз бе, маған ешкім жағымпазданбайды. Бәлкім мен ондайды ұнатпайтын болғандықтан шығар. Ұнатпау былай тұрсын, жақтырмаймын», — дейді Президент.

Мұндай оқиғалардың бірі ретінде Президент Өзбекстанға барған сапарында жан-жағындағылардың «Тамаша!», «Мұндай ешуақытта болмаған», «Кескін-келбетіңіз керемет» деген сияқты жағымпаздық сөздерін естігенін айтты.

«Мен елемеуге тырысамын. Жауап бермеймін. Естімеген адамдай өте шығамын. Өйткені, бұл мақтау сөздердің көк тиын құны жоқ. Ең басты сыншы — өзің. Мен қай жерде қателескенімді, қай жерде жарқырай алмағанымды білемін», — деді Президент.

Бала кездегі қайғылы оқиға

Сұхбат барысында мемлекет басшысы есімінің құпиясын да айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ата-әжесі Фрунзе қаласына қоныс аударған. Бұл Қырғызстанның қазіргі астанасы Бішкек қаласы. Президент бала шағындағы қайғылы оқиға жайлы әңгімелейді. Оның атасы жұмысқа кеткенде, балалары сал ауруымен ауыратын әжесінің қолында қалған.

«Атам келген кезде кенже қызының пешке түсіп, өліп қалғанын көреді. Сол кезде ол 2-3 жастағы бала болған. Ал бәйбішесі сал болғандықтан ештеңе істей алмаған. Мұны көрген атам үйден шығып кетіп, содан қайтіп үйге оралмапты», — деп еске алды Президент.

Осы оқиғадан кейін, әкесі мен Қасым ағасы екеуінің балалар үйіне түсіп, кейіннен интернатта оқып, мектеп бітірген соң олардың соғысқа аттанғанын айтты.

Тілші Кеңес империясының құрамында болған Қазақстанның өткені туралы сөз қозғап, жалпы Президенттің Сталинге көзқарасы мен сталиндік ұжымдастыру жайлы сұрақ қойды.

«Мен үшін Сталин, әрине, ірі тарихи тұлға. Бірақ кез келген ірі тарихи тұлға ретінде Сталиннің қарама-қайшы жақтары көп», — деді Мемлекет басшысы.

Президент жаппай репрессияны, соның ішіндегі Қазақстан жеріндегі қуғын-сүргінді кешіру мүмкін емес деген ойда. Көптеген қазақтың зиялы өкілдері жазықсыз жала жабылып, атылған дейді.

«Екінші жағынан әкеммен де келісемін. Ел басына күн туған кезде Кеңес Одағын басқарып, елді жеңіске жеткізді», — дейді Президент.

«Ядролық жарылыстардың зардабы әлі күнге дейін сезіліп келеді»

Журналистің АҚШ президенті Дональд Трамп төңірегіндегі жағдайға қалай қарайтыны туралы сауалға Президент былай деп жауап қайтарды:

«Америка Құрама Штаттарында болып жатқан оқиғаларға қарап, Трамп сияқты адамға сұраныстың бар екенін байқадым. Сонымен қатар, сұраныс артып келеді. Жалпы алғанда, АҚШ-та Трамп сияқты адамның пайда болуы заңды еді. Бірақ ол беделді сарапшылардың болжамынан төрт жыл бұрын келді. Неге? Себебі Трамптың айтқанының бәрі мерзімі жеткен мәселелер».

«Шинеліңді ал да, елге қайт!»

Нұрсұлтан Әбішұлы Президентпен 1985 жылы Қытайдағы кеңестік елшіліктің екінші хатшысы болып қызмет етіп жүрген кезінде Бейжіңде танысқан. Тоқаевты көріп «Қазақсың ба?» деп сұраған. «Қазақпын» деген жауап алған. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы бұл әңгімені ұмытпаған.

«Елбасы маған «Шинеліңді ал да, елге қайт!» деді. Мен мұны шақырту деп қабылдадым. Сосын оны күттім», — деп есіне алды Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен танысуын.

Президент Twitter-де

2011 жылы дипломат Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысының бірінші орынбасары болды. Міне, сол кезде Тоқаев Twitter-ге тіркелген. Бұл қызмет бабы талап еткен шарт болды. Содан бері Президент түрлі тілде жиі жазба жазатын болды.

«WhatsApp-тан келген хабарламаларға жауап беремін»

«Мен әлеуметтік желілерде отырамын. Смартфон қолданамын. WhatsApp-тан келген хабарламаларға жауап беремін. Ол жай қарапайым күнделікті іс. Түптеп келгенде мен ешкіммен хабарласпай отыра алмаймын ғой», — дейді Мемлекет басшысы сұхбатында.

Президент қоластындағыларға кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы да жіберетінін айтты.

«Скриптонитті бірнеше рет тыңдап көрдім»

Журналист қазақ елін шетелдерде танытып жүрген рэп орындаушы Скриптонит пен Димаш Құдайберген туралы да ойын сұрады.

«Скриптонитті бірнеше рет тыңдап көрдім. Ұйып тыңдадым, бәрін түсіндім деп айта алмаймын. Бірақ түсінуге тырысып көремін. Ал жалпы алғанда Димашымызды мақтан тұтамыз. Әуелі Қытайды, енді Ресейді тәнті етті. Кремльдегі съездер сарайында бірнеше концерт берді. Концерттерінің бәрі аншлагпен өтті», — деді Қасым-Жомарт  Кемелұлы.

Сондай-ақ, сұхбат барысында Мемлекет басшысы бала кезіндегі қызығушылығы үстел теннисі болғанын айтты. Кейінірек Тоқаев 13 жыл бойы үстел теннисінің қазақстандық федерациясын басқарған.

Дерккөз: Tengrinews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

  Қазақстан Республикасында жыл сайын балалар арасында 800-ден астам онкологиялық және гематологиялық аурулардың алғашқы жағдайы анықталады, олардың шамамен 600-і қатерлі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.