Шымкент қаласында 2019 жылы бюджеттен 15 мектептің құрылысын жүргізу үшін 7,5 млрд.теңге қаржы бөлінген. (оның ішінде: 9 мектептің құрылысы Республикалық бюджет есебінен салынуда. Олардың жалпы құны 6,5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда нақты 12 мектеп құрылысы басталса 3 мектептің құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.
Сонымен құрылысы жүріп жатқан мектептер: Қызылжар шағын ауданында 900 орындық, Шаңырақ шағын ауданында 600 орындық, əкімшілік іскерлік орталығында 1200 орынға шақталға білім мекемесі бой көтеріп жатса, Тұран шағын ауданында 1200 орындық, Самал-3 шағын ауданында 1200 орынға арналған екі бірдей мектеп салынуда. Ал Асар-2 шағын ауданында 1200 орындық, Таскен елді мекенінде №115 мектепке қосымша 300 орындық ғимарат пен Абдулабад тұрғын алабында №101 мектеп корпусы жанынан да 300 орындық жаңа нысан құрылысы жүруде. Сонымен бірге Тұран шағын ауданынан 1200 орындық №63 жом салынып жатса, Сəуле мөлтек ауданында №76 мектептің 150 орындық қосымша ғимаратының құрылысы жүруде.
Соның ішінде ағымдағы жылдың соңына дейін 4 350 орындық 6 мектепті пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 5 мектеп алдағы жаңа оқу жылында есіктерін айқара ашпақ. Бұған қоса биыл Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты 121 мектепті ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланса, бұл бағытқа жергілікті бюджеттен 264 млн тенге қаржы қаралған. Нəтижесінде аталмыш білім мекемелерін əктеу, сырлау жұмыстары басталып, мердігер мекемелер толыққанды іске кіріскен. Мектептердегі ағымдағы жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін жалғасатын болады.
«Айғақ-Ақпарат»