• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында экономика өсімі 4,1% құрады — ҚР Премьер-Министрі

15.07.2019
0

Президент Қ.К. Тоқаев қатысуымен 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан экономикасының өсу қарқынының 2,9%-дан 4,1%-ға дейін үдеуі атап өтілді.

«Өсудің қозғаушы күштері негізінен өнеркәсіп, құрылыс, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы салалары болды. Өңдеуші өнеркәсіптегі өсім негізінен машина жасау, мұнай өңдеу, түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика және сусындар өндірісі есебінен қамтамасыз етілді. 14 өңірде өнеркәсіптің өсуі қамтамасыз етілген», —  деді ҚР Премьер-Министрі.

Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және нәтижелі жұмыс орындарын құру үшін негізгі мәселе – инвестициялардың жаңа толқынын тарту.

«Біздің міндетіміз – жыл сайын негізгі капиталға инвестициялар көлемін орта есеппен 20%-ға арттырып, оның деңгейін 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 30% дейін жеткізу», — деді Асқар Мамин, негізгі капиталға инвестициялар 11,7% ұлғайғанын, оның ішінде жеке инвестициялар 13%-ға өскенін атап өтіп.

Оның айтуынша, нысаналы параметрлерге қол жеткізу үшін негізгі капиталға 5 жыл бойы 30 трлн теңге сомасында инвестициялар тарту қажет.

«Бүгінде 12,4 трлн теңге сомасында жобалар пулы анықталды. Яғни, жыл сайын орта есеппен 3 трлн теңгеден қосымша инвестициялар тарту қажет. Тікелей шетелдік инвестициялардың жылдық көлемін қазіргі 24 млрд доллардан 2025 жылға қарай 34 млрд-қа дейін арттыру керек», — деді Үкімет басшысы, инвестициялар тарту үшін өңдеу өнеркәсібінің, отын-энергетика кешенінің, көлік және логистиканың, АӨК пен туризмнің әлеуеті зор екенін атап өтіп.

Инвестициялар тарту жаһандық бәсекелестіктің артуы жағдайларында жүзеге асырылып жатқанын атап өту қажет. Осыған баланысты Үкімет барлық мемлекеттік қолдау шараларын қолданумен және қолайлы инвестициялық ахуал құрумен инвестициялар тарту бойынша проактивті жұмыстарды жүргізе бастады.

ҚР Премьер-Министрі ағылшындық құқықты, жобаларды құрылымдастыруды және тең қаржыландыруды қолдану арқылы АХҚО әлеуетін пайдалану шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды жағдайлар тудыратынын атап айтты.

Әрбір орталық және жергілікті атқарушы орган мен ұлттық холдинг үшін нақты нысаналы индикаторлар қойылады.

Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінде барлық инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қарастырылатын болады.

Өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу — Үкімет жұмысының аса маңызды басымдығы. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту бойынша проактивті шаралар іске асырыла бастады.

«Еңбек нарығы тұрақты. Ағымдағы жылғы бірінші жарты жылда жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-ға дейін төмендеді. 186 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 126  мыңы – тұрақты», — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы биыл жұмыспен қамту шараларымен қамту, оның ішінде «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту арқылы қамту 4 есеге артатынын және 300 мыңнан астам адамды құрайтынын айтты.

Ағымдағы жылы шағын несиелендіруге шығындар 19 мың адамды қамтумен 85 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар көлемі 37 мыңнан астам адамды қамтумен 18 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады.

Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап 122 мыңнан астам адамды қамтумен, ТжКБ-дегі жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушылардың шәкіртақысы 30%-ға өседі.

«Жалпы, 2019 жылы әлеуметтік сала шығындары 7,1 трлн теңгеге дейін арттырылды. Үкімет әлеуметтік шараларды іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады», — деді Асқар Мамин.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті....

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барлық өңірге ортақ ас берудің дастархан мәзірін әзірледі. Арнайы тізім Астанада өткен имамдар форумында қаралып, мүфтияттың...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШ МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Парламент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады. Жаңа бюджет жобасына сәйкес: - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Вице-министр Тимур Султангазиевтің айтуынша, биыл жедел жәрдем қызметіне қосымша 5 млрд теңге, ал келесі жылы 10 млрд теңге бөлінуі жоспарланып...

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.