• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 19, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Асқар Мамин өңірлер әкімдеріне «қарапайым заттар экономикасы» жобалары бойынша бизнеспен жұмысты жандандыруды тапсырды

09.07.2019
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған халық тұтынатын тауарлардың отандық өндірісін арттыру бойынша міндеттерін орындау және МЕмлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел өңірлерінде жұмыс сапарлары кезінде экономиканы әртараптандыру бойынша берліген тапсырмаларын іске асыру аясында «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері қаралды.

Жеңілдікпен несиелендіруді жүзеге асыру Бағдарламасын іске асыру бойынша Жобалық кеңсе жұмысы, «қарапайым заттар экономикасы» тауарларын сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Ж. Қасымбек, «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасы А. Мырзахметов баяндады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов пен Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев тыңдалды.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құрып, шағын және орта бизнесті дамыту, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешеміз, — деді Асқар Мамин. — Мұның бәрі жалпы мемлекетіміздің экономикасына оң әсерін тигізеді».

Жобалық кеңсе жұмысында «қарапайым заттар экономикасының» 1 трлн теңгеден астам сомаға 1500-ден астам жобасы бар.

«Қарапайым заттар экономикасы» жобалары бойынша бизнестің жоғары белсенділігі Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстарында байқалып отыр. Өз кезегінде, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне халық тұтынатын тауарлар өндірісін ұлғайту бойынша жұмыстарды күшейту, оның ішінде шығарылатын өнім көлемі мен құнына баса назар аудару тапсырылды.

ҚР Үкіметінің басшысы бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, «қарапайым заттар экономикасы» жобаларын дамыту үшін жеңілдікті қаржыландыру шарттары өзгертілгенін айтты. Атап айтқанда, пайыздық мөлшерлемесі 6%-ға дейін төмендетілді, қарызды төлеудің жеңілдікті кезеңі енгізілді, шығарылатын өнімнің 45 жаңа түрі қосылды. Қабылданған шаралар біршама компанияларға жеңілдікті қаржыландыру мүмкіндігін береді.

Осы жұмыстарды одан әрі белсендіру мақсатында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенінің жобаларының айналым қаражатын толықтыру үшін субсидияларды ұлғайтуға қаражат бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды.

 Бұдан басқа, орталық және жергілікті атқарушы органдар, басқарушы холдингтерге «қарапайым заттар экономикасының» сатып алынатын отандық тауарлары мен қызметтерінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша КРI-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту бағдарламасы кәсіпкерлікті дамытудың және жұмыспен қамтамасыз етудің маңызды құралы, — деп атап өтті Асқар Мамин. — Жобалардың бәрі өңірлерде іске асырылады. Әкімдер бағдарламаны іске асыруға белсене атсалысып, жаңа жобаларды ұсынуы, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті....

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барлық өңірге ортақ ас берудің дастархан мәзірін әзірледі. Арнайы тізім Астанада өткен имамдар форумында қаралып, мүфтияттың...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШ МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Парламент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады. Жаңа бюджет жобасына сәйкес: - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Вице-министр Тимур Султангазиевтің айтуынша, биыл жедел жәрдем қызметіне қосымша 5 млрд теңге, ал келесі жылы 10 млрд теңге бөлінуі жоспарланып...

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.