Ордабасы ауданына жаңа басшы келді. Осыған дейін Түркістан қаласын басқарып келген Әліпбек Өсербаев әкім болып тағайындалды.
Әліпбек Өсербаев 1961 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – инженер-химик-технолог. Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисті ретінде бастаған. 1986-2014 жылдары Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен конструкциялары комбинаты зертханасының инженері, мастері, экономисті, цех бастығы, бас инженері, «Қуат Суиндустрия» АҚ, «KazakhConstruction Industry» АҚ Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалдарының директоры, Түркістан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін уақытша атқарушы, Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Кентау, Түркістан қалалары әкімдерінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі болып лауазымдарын атқарған. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет етіп келсе, былтырдан бері жаңадан құрылған Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының әкімі қызметін абыроймен атқарып келеді.