Арыста тағы жарылыс болды.
«Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелердің оқ-дәрілердің фрагменттерін жинау бойынша жұмыстар барысында Арсеналға (тыйым салынған аймақ) тікелей іргелес аумақта жеке оқ-дәрі жұлып алып, нәтижесінде өрт шыққанын хабарлайды. Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілердің күшімен жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», — деп хабарлады министрлік өкілдері. Сондай-ақ, министрлік инженерлік-саперлік бөлімшелермен жұмыс аяқталғанға дейін Арсенал аумағына тыйым салу және жақындау туралы еске салады. Ведомство мәліметінше, жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Тengrinews.kz