Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс өткен сессиясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Рашид Аюповты қала әкімі қызметіне тағайындау туралы ұсынысы қолдау тапты. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке тағайындалған Рашид Аюпов жаңа облыс орталығының екінші әкімі.
Ол Кентау қаласында дүниеге келген. Демек, Ұлыбританиядағы жоғары оқу орнының түлегі үшін Түркістан топырағы таңсық емес. Нұр-Сұлтан қаласында еңбек жолын бастаған Рашид Абатуллаұлы 2015 жылы Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалады. Ал, 2017-2018 жылдары «Нұр Отан» Партиясының ақпараттық технологиялар орталығын басқарса, 2018 жылдың қыркүйек айында «Shymkent» ӘКК АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
«Болашақ» бағдарламасының түлегіне рухани астананың жұмысын жандандыру ісі тапсырылып отыр.
«Айғақ-Ақпарат»