Бұл күннің өзекті мәселесіне айналған Арыстағы төтенше жағдай күллі қазақтың назарында. Оқиға орын алған күннен бастап, қаланы қайта қалпына келтіруге еліміздің әр өңірі жұмыла кірісуде.
1 ай ішінде Арыс қаласын жаңа шаһарға айналдыру үшін қарапайым халық та аянып қалмақ емес. Ал бүгінде Арыстағы 85% тұрғын үйлер жөндеуді қажет етеді.
Осы баспаналардың бірыңғай сәулеттік стилін қалыптастыру үшін эскиздік нұсқасы таңдалды.