Арыс қаласында тұратын 44 мыңнан астам тұрғынға 1 ай мерзім ішінде 100 мың теңгеден өтемақы төленетін болды. ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың жиында Үкімет басшысына айтқан ұсынысы қолдау тапты.
Бұл өтемақы мəселен, отбасында 7 адам болса 700 мың болып төленбек, яғни әр адам басына 100 мың теңгеден болып бектіліп отыр. Бүгін Арыс қаласына арнайы сапармен келген ҚР Премьер-министрі А.Мамин қаладағы нысандар 1 айда толық жөндеуден өтетіндігін айтады. Сондай-ақ, арыстық кәсіпкерлерге 1 %-бен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі.
«Айғақ-Ақпарат»