Түркістан облысытық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Базарбай Мұсабеков Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ағайынға гуманитарлық көмек көрсетті.
Ел басына қиындық туған шақта көмек көрсетуден шек қалмаған халық қалаулысы «Біз Арыспен — біргеміз!» акциясы аясында 20 тонна — күріш, 20 тонна — шекер, 10 тонна — өсімдік майы, 10 тонна — макарон және 5 тонна — ас тұзын бүгін Арыс қаласына алып келді.
— Өздеріңізге белгілі күтпеген жерден төтенше жағдай орын алды. Дәл осындай бір қиын кезде пейілі дархан қазағым ның бәрде біреуі шет қалмағандығын көріп отырмыз. Бір кісідей жұмылып, бірліктерін көрсетіп отыр. Ең алдымен осындай қиын жағдайда арыстық ағайындарға үлкен рахметімді айтқым келеді. Себебі барлығы шыдамдылық пен сабырлық танытты.
Атадан қалған жақсы бір сөз бар «Дастарханнан енші алыспаған қазақ» деген, міне, әрбір қазақ өздерінің шама-шарқылары жеткенше дастархандарын жайып, көмектесті. Ол жағынан Арыстың халқы қысылған жоқ.
Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 1 айдың ішінде Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіндігіне уәде берді. Пейілі дархан қазақ елі тұрғанда бұл уәденің барлығы орындалып, бауырларымызға бүкіл қазақ жұрты демеу болатынына сенімдімін. Себебі, бірлік бар жерде әр уақытта да тірлік болады, — деді Базарбай Мұсабеков.