Арыстың 130 мектеп оқушысы жаздық демалысқа жіберілгендігін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы таңертеңнен ақпараттық қолдау көрсетіп, балаларды Шымкент әуежайынан шығарып салған еді. Облыс орталығына чартерлік рейс арқылы жеткізілген арыстықтарды Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов күтіп алған. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасында хабарлады.





