Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та қаладағы қалыптасқан жағдайды БАҚ өкілдеріне баяндап берді. Алдымен, апаттан қаза тапқан азаматтардың отбасының қайғысына ортақтасып, жақындарына көңіл айтқан Ғабидолла Рахметоллұлы дер кезінде көмек қолын созған жандарға алғысын білдірді.
Сондай-ақ, төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарды Шымкент қаласына жеткізу мақсатында 56 автобус жұмылдырылғандығын атап өтті. Қазіргі таңда 49 көмек көрсету пункті үзіліссіз жұмыс жасап жатыр. Бүгінде Арыстан жеткізілген 26 000-нан астам адам Шымкентке қоныстандырылған. Оның 7 мыңнан астамы эвакуция орталықтарында. Ал, 19 бала толықтай табылып, ата -аналарына тапсырылған. Қалалық ауруханада 47 азамат жатыр. Түркістан облыстық ауруханаларында 70 азамат ем алуда екен. Сонымен қатар, 3100 адам Шымкент темір жол вокзалынан Түркістанға жеткізілген.
«Айғақ-Ақпарат»