• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкентте Арыс тұрғындарына көмек көрсету шаралары үздіксіз жүргізіліп жатыр

25.06.2019
0

Түркістан облысының Арыс қаласында төтенше жағдай жариялана салысымен Шымкентте ауқымды «Көмек қолы» іс-шарасы жарияланды. Тез арада құрылған арнайы штаб тәулік бойғы тәртіпте жұмыс істеуде. Оның құрамына шымкент қаласы әкімдігінің, полиция және төтенше жағдай департаменттерінің, «ҚТЖ» АҚ өкілдері, құтқарушылар кірген.

Тұрғындарға арнайы автобустар бөлінді

Арыс тұрғындарын Шымкентке жеткізу үшін қала әкімдігі тарапынан 100 автобус бөлінді. Бұған қоса Арыс бағытына кетіп бара жатып, Шымкентте тоқтатылған 6 пойыздың жолаушыларын Түркістан қаласына жеткізу үшін 43 автобус бағытталды. 24 маусым күні осы автобустармен Түркістан қаласына 2500-ден астам адам аттанды. Арыс қаласындағы құтқару операцияларына қатысу үшін 6506 әскери бөлімінен 541 сарбаз жіберілді.

24 маусым күні Шымкенттегі мектеп және колледжерде 15 эвакуациялық пункт ашылып, Арыс тұрғындары толықтай орналастырылуда. Азаматтар ыстық тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, көрпе-төсек, балаларға қажет заттар секілді керек-жарақты Шымкенттің көптеген тұрғындары да жеткізуде. Азық-түлік эвакуация пунктеріне автокөліктермен жеткізілуде.

 10 арнайы жедел жәрдем бригадасы бөлінді

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 10 арнайы жедел жәрдем бригадасы құрылды. Стационар мекемелерде зардап шегушілерге арналған қосымша 260 орын құрылды. 25 маусым күнгі мәлімет бойынша Шымкент қаласындағы ауруханаларға 96 адам келген, арасында балалар да бар. Дәрігер көмегіне жүгінгендердің арасынан 22 адам ауруханаға жатқызылып, екі адамға операция жасалды.

 Шұғыл желі іске қосылған

Бұған қоса қазіргі таңда Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінде 8 (7252) 44-94-72 шұғыл желісі жұмыс істеп тұр. Эвакуациялық пунктердің жетекшілерінің телефондары арқылы да осы пунктердегі азаматтар туралы барлық мәліметті білуге болады. 25 маусым күнгі сағат 12:40-тағы мәлімет бойынша шұғыл желіге барлығы 47 365 қоңырау түскен.

Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Арыс-Шымкент» арнайы бөлімі ашылып, сағат сайын қауіпсіз жерге көшірілген адамдар туралы мәліметтермен толықтырылуда, бұған қоса эвакуация пунктерінің мекенжайы, ондағы өкілдердің байланыс телефондары мен жоғалған Арыс тұрғындары туралы мәлімет жарияланған.

Эвакуациялық пунктер көбейді

Арыстан келіп жатқан тұрғындар санының көбеюіне байланысты Шымкенттегі эвакуациялық пунктердің саны 31-ге дейін көбейтілді. 25 маусым күнгі сағат 12:40-тағы мәлімет бойынша Шымкенттегі эвакуациялық пунктерге 2366 адам қабылданған. Бұған қоса тұрғындар мешіттер мен жатақханаларға орналастырылған, қала тұрғындары да арыстықтарды өз үйлеріне қонуға алып кетуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«1 БАЛЛ — 7000 ТЕҢГЕ»: АҚТӨБЕДЕ МҰҒАЛІМ ҰБТ ҰПАЙЫН САТҚАН

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Ақтөбе облысында мұғалім ҰБТ-дан жоғары нәтиже шығарып беремін деп ата-аналардан ақша алғаны анықталды. Мектептердің бірінде жұмыс істеген ұстаз әр оқушыға...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан...

31 қаңтар — ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТЕДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың ата-аналары мен жақындарына арналған «Ашық есік» күні өтеді. Іс-шара барысында...

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ҰҒЫМЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ДЕП ӨЗГЕРТІЛДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституция мәтінінде республикалық референдум ұғымы жалпыхалықтық референдум деп өзгертілді. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: 11 БӨЛІМ, 95 БАПТАН ТҰРАДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы қаралды. Жобаны әзірлеу барысында соңғы алты ай ішінде азаматтардан,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.