Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы», «Феррум Фтор» ЖШС-нің құрылтайшысы Абдурашит Омаров та өз әріптестерінің жолын қуып, отбасының атынан 10 млн. қаражатты қайырымдылық үшін аударды. Апаттан зардап шеккен арыстық ағайынға көмектесуге осылайша біркісідей атсалысып отыр.
Мұнан өзге Абдурашит Керізбайұлы басқарып отырған «Феррум Фтор» компаниясының қызметкерлері де қолдан келген көмектерін аянып қалып жатқан жоқ. Өйткені, Шымкент қаласында орналасқан эвакуациялық орталықтарға азық-түлік жеткізіп, қажетті киім-кешектермен де қамтамасыз етіп жатыр.
«Айғақ-Ақпарат»