• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай мерекелік гала-концерт өтті

24.06.2019
0

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай мерекелік гала-концерт өтті. Бұл мереке алғаш рет тойланып отыр. 2018 жылы 19 маусымда Елбасы, ҚР Тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Сол қысқа уақытта  тарихи оқиғалар мен өзгерістерді бастан өткерген түркістандықтар мен қала қонақтары «Есімхан» алаңында Түркістан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының «Ән шашуым өзіңе, Түркістаным!» атты мерекелік кешін тамашалады. 

Шарада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ, барша қонақтарды Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтады.

«Бүгін біз, Түркістан облысының 1 жылдығына орай ұйымдастырылған тамаша кеште бас қосып отырмыз! Бұл уақыт Түркістан үшін аса мыңызды кезең. Көне шаhар күннен-күнге көркейіп, заманауи келбетке ие болып келеді. Бүгінгі таңда, құрылысы қарқынды жүріп жатқан Түркістанда 130-дан астам нысан салынып жатыр. Осы орайда, мен  қаламыздың көгалдануы мен тазалығына  мән беріп, азаматтық белсенділік танытып жүрген қала тұрғындарына өз ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, киелі мекеннің гүлденуіне атсалысып келе жатқан күндіз-түні тынбай еңбек етіп жүрген инвесторларды  марапаттағым келеді. Түркістан өңірі көркейіп, гүлдене берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді облыс әкімі.

Салтанатты жиында Түркістанның құрылысына үлес қосып жатқан әкімдіктер мен компаниялар түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік инвестор» номинациясы – «Медиа-орталықтың» құрылысы бойынша Алматы қаласының әкімдігі, «Шығыс моншасының» құрылысы бойынша Қызылорда облысының әкімдігі, Әуенді субұрқақтың құрылысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Көпсалалы «Конгресс орталығы» кешенінің құрылысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ға бұйырды. «Үздік демеуші» номинациясы – Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдың құрылысына демеушілік еткен «Yda insaat sanayi veticaret anonim sirketi» АҚ және «RIXOS Khadisha TURKESTAN» қонақүй кешенінің құрылысына демеушілік еткен «МұнайқұрылысСервис» ЖШС-на берілді. Ал «Үздік құырылысшы» аталымымен – Түркістан қаласының орталығындағы көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізген «Ақжол» ЖШС марапатталды.

         Сондай-ақ Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан үшін Түркістан қаласының «Ақ мақта» мөлтекауданы ауыл биінің орынбасары Сырым Исмайлов, «Сауран» мөлтек ауданы ауыл биінің орынбасары Дилара Батырова, «Бекзат» мөлтек ауданы ауыл биінің орынбасары Сейілхан Саттарханұлы, Түркістан қаласының кәсіпкері Нуриддин  Шәмшидинов облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 

Кеште елімізге танымал өнер жұлдыздары ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Сейфуллин Жолбарыс, Дана Кентай, Қанат Үмбетов, Әлия Әбікен, Айгерім Қалаубаева, Зарина Омарова және «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

Гала-концерттің соңы отшашумен аяқталды.

 

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Ән шашуым өзіңе арналады — Түркістан!

Next Post

Әкімдіктің бірінші хабары: Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.