Бүгін Тәжікстан Республикасы, Соғды облысының орталығы Ходженд қаласында екі күнге созылатын «СУГД-2019» VI Халықаралық сауда жәрмеңкесі басталды.
Халықаралық шараға Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Белоруссия, Польша және Сербия Республикаларынан, Үндістан, Корея, Қытай, Пәкістан елдерінің кәсіпкерлері, әрі сала өндірісінің ірі кәсіпорындары, көлік, логистикалық, құрылыс, туристік компания өкілдері шақыртылған.
Сондай-ақ, шетелдік БАҚ өкілдері мен «Айғақ» арнасының түсірілім тобы мен Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан құралған бір топ делегат жәрмеңкеге арнайы шақыртумен барды.
Сауда жәрмеңкесінің өткізудегі басты мақсат- Тәжікстан мен алыс және жақын шетелдердегі инвесторлар мен іскерлік ортамен ұзық әрі серіктестік байланыс орнату.
Жәрмеңке барысында тауарлар көрмесі мен іскерлік ортаның өнімдерін насихаттау, қызығушылық танытқан кәсіпкерлер арасындағы В2В форматында бизнес келіссөздер жүргізу және аймақтардың әлеуетіне қарай жұмыс істеу бағыттарын талқылаулар жүргізу көзделуде.
Сондай-ақ, жәрмеңкенің іскерлік бағдарламасышеңберінде форумдер мен панельді сессиялар және бірнеше тақырып аясында ашық есік өткізу жоспарланып отыр.