• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 21, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістанда инкассаторлардың өліміне қатысы бар күдіктілер ұсталды

09.06.2019
0

2019 жылдың 07 маусым күні кешкісін сағат шамамен 18:16 өткенде Арыс АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне пошта бөлімінен арыз түскен. Онда екі инкассатор қызметтік көлікпен Задария ауылына барып, одан соң Монтайтасқа барып, поштамен бірге Қожатоғай  ауылына бара жатырмыз дегеннен соң сағат 12-лерден кейін байланыссыз кеткен. Екі инкассаторымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен қызметтік көліктің ішінде ауыл тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған. Күдіктілердің мекен-жайын анықтау мақсатында, барлық іс-шаралар  атқарылды.  Түркістан облысы Полиция департаменті мен Арыс АПБ-нің арнайы кәсіби мамандардан жедел-тергеу тобы құрылды. Олар із-түссіз жоғалған инкассаторларды арнайы іздеп, барлық аудан орталығына  шығар жерлерді, аймақтарды, көшелер мен қиылыстарға қойылған бейнекамераларды тексерді. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алып, қажетті деген шараларды атқарды.

Нәтижесінде біздің жедел уәкілдер сол күні сағат шамамен 20:00-ден асқанда Арыс қаласынан 3 шақырым жерден тастанды көлікті тапты. Ішін тексеру барысында қан іздерін алдық. Осыдан кейін Инкассаторлардың қасақана өлтірілгені белгілі болды. Ал келесі күні таңғы сағат 6:00-де  аудан орталығынан 35 шақырым жерден бастарына оқ тиген жарақаттарымен инкассаторлардың мәйітін таптық. Жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің тұлғасын анықтадық, сондай-ақ оны тұрғылықты мекен-жайында ұстадық.  Күдікті азамат  пошта бөлімшесінің қызметкері, 1981 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азаматтан шолақ мылтық пен ұрланған ақшалар табылып, тәркіленді. Күдіктінің айтуына қарағанда ол еңбек демалысында жүріп, әріптестерімен бірге барар жеріне жеткізуді сұранған. Содан кейін автокөлік ішінде отырып, екі әріптесін атып, ақшаны алып, бой тасалаған.

Ер азамат ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни  99-бабы «Адам өлтiру» және 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмысты жасаған деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.

Түркістан облыстық Полиция департаменітінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН СПОРТШЫ

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН СПОРТШЫ

Айғақ медиа
21.09.2026
0

Әзербайжанда өткен жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында шымкенттік балуан чемпион атанды. Үшінші мегаполистің халықаралық әуежайында жеңімпазды жақындары зор қошеметпен...

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК – ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК – ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Қала әкімі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен жүздесті. Көшпелі кездесуде халық өздерін алаңдатқан мәселелерді тікелей әкімге жеткізді. Атап айтқанда, баспана, жер және...

ӘР 39 СЕКУНДТА 1 КИБЕРҚЫЛМЫС

ӘР 39 СЕКУНДТА 1 КИБЕРҚЫЛМЫС

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Ресми деректерге сүйенсек әлемде 39 секунд ішінде 1 адам интернет алаяқтықтың құрбаны болады. Олардың басым бөлігі кәмелеттік жасқа енді толған...

Ы. АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ ТАМЫЗ АЙЫНДА ТОЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Ы. АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ ТАМЫЗ АЙЫНДА ТОЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте құрылысы созбаланға салынған Алтынсарин көшесі техникалық режимде көлік қозғалысына ашылды. Бұл қаладағы ірі жол инфрақұрылымы жобаларының бірі. Жалпы, шаһарда...

55 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛДАН БОСАТЫЛДЫ

55 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛДАН БОСАТЫЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте әкімшілік рақымшылық аясында мыңдаған азаматтың айыппұл берешегі есептен шығарылды. Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты күшіне енген заң негізінде 55 мыңнан...

САРБАЗДАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

САРБАЗДАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкент гарнизонының 35748 әскери бөлімінің сарбаздары «Сарбаз Олимпиадасында» күміс жүлдеге ие болды. Әскерилер арасында алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 14 командадан...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.