Ағылшын тілін білу — заман талабы. Біліктілігін көтеру үшін АҚШ тіл оқыту мамандары Түркістан облысы ауылдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арнайы семинар өткізуде. Ауылды жерлердегі мұғалімдердің ауқымды семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарына қатысу мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ауыл-аймақтағы мұғалімдерге үш күн бойы дәріс өткізіледі. Бұл байланыс «Фулбрайт» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
1945 жылдан бері қолданылып келе жатқан бағдарлама — тәжірибие алмасу арқылы тіл үйренуге таптырмас мүмкіндік.»Фулбрайт» бағдарламасы -қала орталықтарынан шалғай жерлердегі мұғалімдерге үлкен қолдау, үлкен мүмкіндік. Семинарда ағылшын тілін оқытудағы жаңа теориялық бағыттарды, мұғалімдердің кәсіби дамуына қандай мүмкіндіктер бар екенін, сондай-ақ жаңа технологиялар мен баяндау немесе сторителлингті оқыту құралы ретінде қолдану жолдарын үйрететін болады. Жиында АҚШ-тың Алматыдағы Бас Консулдығының атынан семинардың ашылуына БАҚ, мәдениет және білім бөлімінің жетекшісі Шэннон Хилл ханым қатысты. Мұғалімдерге сұрақтар қойылып,пікір алмасты.