Шардара ауданында 1 маусым — балалар күніне арналған салтанатты шарада бір мезетте 2500 бала ашық алаңда шеруге шықты.
Шардара аудандық оқушылар үйінің өнерпаздары бастаған салтанатты шеру — барабаншылардың, домбырашылардың, би ұжымдарының таныстырылымына жалғасты.
Олар облыс, республика көлемінде түрлі дəрежедегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп жүр. Айта кетейік, айтулы шара Шардара аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен орталық стадионда өтіп жатыр.
Оқушылар үйінде 55 үйірме жұмыс жүргізеді. 4 мыңнан астам тəрбиеленушісі бар.