Түркістанда «Білім беру ұйымдарында 2019 жылдың I жарты жылдығында жүргізілген профилактикалық бақылау мен оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шараларын қолға алу, 2019 жылдың II жарты жылдығына профилактикалық бақылау жүргізуге дайындық туралы» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті. Негізгі мақсаты — білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген және жүргізуге қамтылған білім ұйымдары бойынша білім бөлімдері басшыларын профилактикалық бақылаудың қорытындыларымен және өткізу тәртібін түсіндіру, білім бөлімі мекеме басшыларына құқықтық түсіндірме жүргізу және сыбайлас жемқорлықты болдырмау.
Профилактикалық бақылау 2019 жылдың 21 қаңтарынан басталып, 2019 жылдың 12 сәуірінде аяқталды. Әрбір білім беру ұйымдарында профилактикалық бақылау 4-5 күн ішінде жүргізілді.
2019 жылдың I жарты жылдығында профилактикалық бақылауды жүргізу қорытындысы бойынша, 47 білім беру мекемесінде-293. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша-50, Үлгілік қағида бойынша-38, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сәйкестігі бойынша-44. Дәрежесі бойынша өрескел-81, елеулі-155, болмашы-57 бұзушылық анықталған.