Атырауда электржабдықтарын жақсарту үшін 50 трансформатор стансасын сатып алмақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тозығы жеткен желілер, тарнсформаторлық стансалар электр энергиясын үзіліссіз беру жағдайына ықпал етеді. Апатты сөндірулер болады. Электр жабдықтарын жақсарту үшін қосымша 50 трансформаторлық станса орнату туралы шешім қабылданды», — деді сәрсенбіде «Атырау жарық» АҚ президенті Сүндет Кенжалиев.
Ол нақтылағандай, аталмыш трансформаторларды қалалық әкімдік «сатып алу» керек.
«Тұрғындардан арыз бар, және олар дұрыс айтады. Төмен қысым, әсіресе жаз кезінде, мәселе туындатады. Елу шақты қосалқы станса орнатқаннан бөлек 11 шақырым электр желісін ауыстыру керек», — деді Кенжалиев.
Энергетиктердің ақпарынша, жаңа қосалқы станса сатып алуға Т200 млн керек.