Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы М.Пшембаевтың 2019 жылдың 24 мамырдағы №400 санды бұйрығымен Есқараев Бастар Әуелханұлы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы – мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, Б.Есқараев бұған дейін әр жылдарда ОҚО әкімі аппараты – Тәртіптік кеңесінің бас маманы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ОҚО бойынша басқармасы – Тәртіптік кеңесінің бас инспектор — консультанты, ОҚО еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы, ОҚО Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, сондай-ақ Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарып келген.
Жаңа лауазымда Бастар Әуелханұлына абырой мен жетістіктер тілейміз!