XVI Еуразиялық медиа форумда халықаралық денгейдегі модераторлар өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісуде. Сондай-ақ, әлемдегі әрбір мемлекетте орын алып жатқан сан түрлі мәселелер де талқылануда. Сонымен бұл күнгі форум күн тәртібіне қойылған мәселенің бірі тұтыну дағдарысы тақырыбына арналды. Айталық бүгінде жер бетіндегі халық саны тоқтаусыз өсіп жатса дамыған және кедей елдердің табысындағы алшақтық тереңдей түсуде. Соның салдарынан, энергетикалық дағдарыс орын ала бастады. Көп елдердің үкіметтері «жасыл энергетиканы» дамыту жолдарын дамытуға күш сала бастады.
Суретте: Д.Әбіш және Өзбекстаннан келген делегаттар
Бұл тұрғыда энергетикалық ресурстың азаюымен қоса, азық-түлік тапшылығы да алаңдатады. Ал біз азық-түлікті қаншалықты тиімді тұтынып жатырмыз? Адамзат алдында тұрған мәселелерді шешу үшін қандай технологияларды дамыту керек?
Бұл жөнінде АҚШ-тан арнайы келген модератор «Блумберг» ақпарат агенттігінің аймақтық директоры Тодд Баер сөз сөйледі. Осы мәселені талқылаушы спикерлер қатарында:
Стивен Финн, тамақ қалдықтары және тұрақты даму жөніндегі сарапшы, LeanPath компаниясының вице-президенті, АҚШ;
Джеймс Вулси, Энергияны сақтау жөніндегі сарапшы, Gerie energy Ltd компаниясының стратегиялық кеңесшісі, АҚШ;
Хорке Фонсека, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының үйлестірушісі, АҚШ;
Басант Рантор, «Ягран» компаниялар тобының вице-президенті, бизнесті дамытуда және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Үндістан;
Хасмин Акуния, редактор, El Surtidor, Парагвай елінен келген қонақтар бар.