XVI Еуразиялық медиа форумында «Әл Жазира» телекомпаниясының құрамындағы «Contrast» агенттігінің басшысы Захра Расул БАҚ-та дәйекті әрі деректі тақырыптарды қамтитын репортаждардың үлесін арттыру турасындағы тәжірибесімен бөлісті. Оған дер кезінде оқиға орнында болу арқылы қол жеткізуге болады. Бұл бастан-аяқ шынайы материал жасауға мүмкіндік берді.
Бәрін қамтитын баяндау үлгісі экранға шыққан шынайылық пен ғана шектелмейді. Ол кадр сыртында басталады. Осы үлгіні аудиовизуалдық индустрияның басқа салаларында қалай пайдалануға болады?
Мұндай кешенді әдісті өндірістік және шығармашылық деңгейде қалай іске асыра аламыз? Осы бағыт бойынша да білікті маман өз ой- пікірлерімен бөлісті.
Орта Азиядағы негізгі әрі тәуелсіз пікір алмасу платформасы болып саналатын Евразия медиа форумының басты міндеті — саясаткерлер, журналистер және Қазақстандағы, Еуразиядағы және халықаралық қоғамдастықтағы геосаясат, экономика, әлеумет пен мәдениетті дамытуға мүдделі әртүрлі сала сарапшыларының еркін әрі ашық диалог құруына мүмкіндік жасау болып табылады. Осы орайда ауқымды шараға еліміздің бірқатар облыстарынан делегаттар қатысуда.