«Бүгінгі әлем: Шындық трансформациясы» тақырыбында әлемнің батысымен шығысына алтын көпір бола білген XVI Еуразиялық Медиа Форумы басталды. 2002 жылдан бері тиімді халықаралық коммуникация алаңына айналған Медиа форумға әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат жиналған. Форумның алғашқы күні дүниежүзінен келген білікті журналистер іс тәжірибелерімен бөлісті.
Биыл ұйымдастырылған форумның алғашқы күні телевидение саласында қолданылатын құрылғылар және кино түсірілім саласындағы шынайлық жайында біршама мәселелер қозғалды. Нақтырақ айтқанда, технологиясы дамыған заманда қол жетімді, сапалы құрылғылармен қаншалықты құнды дүние шығаруға болатындығы көрсетіледі.
Өздеріңізге мәлім, қазақ киносының ахуалы бүгінде едәуір жақсарған. Сапалы кино картиналардың саны көбейіп, туындылар халықтың ықыласына да бөленуде. Иә, ол отандық режиссерлер мен продюсерлердің, өнер адамдарының ерен еңбегі. Дегенмен, әлі де еліміздегі бұл салада кемшіліктер жеткілікті. Форумда дәріс оқыған ресейлік режисер Сергей Бадров өз сөзінде кино саласын дамытуда шынайлық қажет және көрермендерге құнды дүние әзірлеу үшін әр қашан ізденісте болу керектігін атап өтті.
Пікірталас алыңының алғашқы күнінде тек кино саласы ғана емес, мұнан өзге бірнеше мәселелер де қозғалды. Дәлірек айтқанда, журналистика саласы мен әлеуметтік желі белсенділерінің жұмыс атқаруы да талқыға түсті. Әлемнің әр шетінен арнайы келген білікті журналистердің қатысуымен өтетін форумның салтанатты ашылуы ертең, яғни мамыр айының 23 күні өткізілмек.