Ақпарат кеңістігінде 16 жыл тарихы бар. Әлемнің батысы мен шығысының медиа өрісіне алтын көпір бола білген Еуразиялық Медиа Форумы бүгін Алматы төрінде өз жұмысын бастады. 2002 жылдан бері тиімді халықаралық коммуникация алаңына айналған Медиа Форумға әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат жиналған.
Форум жұмысы 2002 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзімен ашылған болатын. Содан бері Форум саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің кең ауқымын қамтитын әлемдік деңгейдегі оқиғаға айналды.
Еуразия Медиа Форумы ең ірі халықаралық медиақұрылымдар өкілдері мен әлемдік деңгейдегі сарапшылардың ашық диалогын құруға басым бағыт береді.
Форум құрылғаннан бері саяси ғылымдар докторы Дариға Назарбаева оның идеялық рухтандырушысы және Ұйымдастыру комитетінің тұрақты төрайымы болып келеді.
XVI Еуразия Медиа Форумы » Бүгінгі әлем: Шындық трансформациясы» атауымен өтетін болады.
Алғашқы күні әлемнің жетекші еллдеріндегі белгілі журналистер өзінің шеберлік дәрістерін өткізуде.