• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өтті

21.05.2019
0

Мемлекет басшысы елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтты.

– Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін айтты. Сондықтан, оның тамырына балта шауып, түбегейлі жою қажет. Бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақырды.  Мемлекетте оған қажеттінің бәрі бар екенін атап өтті.

– Біріншіден, бізде жемқорлыққа қарсы күресте қару бола алатын мықты мемлекеттік институттар бар. Мемлекеттік аппарат жұмыс істеу тәсілін өзгертіп, жемқорлықтың жолын кесуі керек. Екіншіден, жемқорлықпен күрес халықтың табанды сұранысына ие. Әкімшілік сауалнама жүргізеді, өзім де ел аралап жүремін. Сонда байқағаным, біздің қоғам жемқорлықпен ымырасыз күресуге дайын. Үшіншіден, біздің елді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларымыз жемқорлықты түбегейлі жойған жағдайда ғана жүзеге аспақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы соңғы үш жылда 900-ден астам адамның жемқорлықпен ұсталғанын, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуына осындай оқиғалардың кедергі келтіретінін жеткізді.

– Біз экономиканы жаңғыртуға, ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қазынадан қыруар қаржы бөлеміз. Алайда, жемқорлықтың салдарынан мемлекеттік бағдарламалар сапасыз орындалуда. Бұл халықты әлеуметтік қорғау, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерінің уақтылы шешілмегенін көрсетеді. Жергілікті жолдардың сапасыздығы мен бизнестің дамуына жемқорлықтың кесірінен туындаған проблемалар кедергі келтіреді. Азаматтар бюджеттің әрбір теңгесінің мақсатты жұмсалатынына көз жеткізуі керек, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізгі шарасын атап өтті.

– Бірінші – азаматтардың құқығын қорғау. Мен Конституцияға сәйкес ұлтына, дініне, мүлік жағдайына қарамастан барлық азаматтар тең деген ережені басшылыққа аламын. Ешкім де заңнан биік емес. Қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысы болса, орталықта да, өңірлерде де бірінші басшылар тікелей жауап береді. Сондықтан, кешенді алдын алу шараларын қолға алу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев екінші шара ретінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті әріптестігін атап, жемқорлықпен күресте күштік шаралар аздық ететін айтты.

– Қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасуы шарт. Барлық мемлекеттік органдар осы бағытта жұмыс істеуі керек. Әділет министрлігіне көпшіліктің жемқорлыққа қатысты құқықтық сауатын арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырамын. Білім және ғылым министрлігі де балаларды ерте жастан жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріне баулуды қол алғаны жөн, – деді Қазақстан Президенті.

Үшінші – қоғамдық бақылауды күшейту.

– Парламенттің, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуы негізінде мемлекеттік шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету керек. Жер учаскелерін беру, балабақшадан кезек алу сияқты мәселелердің бәрі де қоғамдық бақылау негізінде жүзеге асуы шарт. Бізде мұндай жұмыстар үшін құқықтық механизмдер бар. Әрбір мемлекеттік органда қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Алайда, іс жүзінде олардың жұмысы көңіл көншітпей отыр. Азаматтық қоғаммен жұмыс істеу тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажет. Мемлекеттік аппараттың жұмысын азаматтардың талабына сай бағыттау керек, – деді Мемлекет басшысы.

Төртінші шара – бюджеттік саясаттың ашықтығы.

– Бюджеттік үдерістің кезеңдері яғни, құрылудан бастап жүзеге асуға дейінгі аралықтың барлығы ашық болуы керек. Азаматтар қажет етпейтін тауарлар алынып, ғимараттар салынып жататын мысалдар аз емес. Тиімсіз «имидждік» жобалар мен бағдарламалардан бас тарту қажет. Даңғойлық пен ысырапшылдыққа жол берген шенеуніктер қатаң жазалануы керек. Халықтың қаржысы тиімсіз жұмсалса, құқық бұзушылыққа жол берілсе, оның жазасы ауыр болады. Мемлекеттік органдар жанындағы ұйымдар мен ұлттық компаниялар да қоғам бақылауында ашық әрі түсінікті болуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті бесінші кезекте жемқорлыққа қарсы саясатта өңірлердің рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.

– Әкімдерге айтарым, жемқорлықты түбегейлі жою — сіздердің жұмыстарыңыздың негізгі көрсеткішінің бірі. Оған сіздер тікелей жауаптысыздар. Әрбір елді мекеннің өз бюджетіне қарай төртінші деңгейлі бюджет құруды аяқтау керек. Менің Президент ретіндегі ұстанымым бюджет шығындарын жоспарлауға, әсіресе өңірлерде халық өкілдерін қатыстыру керек. Бұдан ел экономикасы дамып, тиісінше, халықтың әл-ауқаты артады, – деді Мемлекет басшысы.

Алтыншы – мемлекеттік қызмет көрсету ісіндегі үдемелі цифрландыру.

– Мемлекеттік аппарат қызмет көрсету барысында тұтынушыларға бейімделу қажет. Тұрмыстық жемқорлықты жоюдың бірден бір көзі – мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды нұсқаға көшіру. Бұл жерде шешімін таппаған мәселелер бар. Бүгінде мәліметтер базасының 33 пайызы ғана интеграцияланған. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтауы қажет. Электронды Үкіметті дамыту аясында азаматтардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мобильді нұсқада алуы үшін жаппай оқыту жұмыстарын дамыту біздің басымдығымыз саналады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жетінші міндет – мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіріп, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету.

– Бүгінде 25 мың ұйым мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады. Бұл жемқорлыққа қарсы бақылауды қиындатады. Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алуларды орталықтандырып, әлеуметтік саладағы бюджеттік мекеме басшыларын бұл міндеттен босату керек. Колледждер мен мектеп директорына дейін мемлекеттік сатып алуға қатысы бар. Орталық мемлекеттік органдарда саяси қызметшілерді мемлекеттік сатып алуларға араластырмайтын механизмдер әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру керек. Бұл туралы жиі айтылса да, 5 функция ғана жеке секторға берілген. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайыловқа және Ұлттық экономика министріне тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырамын. Оның нәтижелерін маған 1 айдың ішінде баяндаңыздар, – деді Қазақстан Президенті.

Жиын соңында Мемлекет басшысы жемқорлық бойынша қол астындағы қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапты болатынын тағы бір мәрте қадап айтты.

– Егер біз жемқорлықты түбегейлі жоюды міндет етіп алсақ, меніңше, мемлекеттік орган басшылары мұндай жағдайда отставкаға кетуі керек. Олардың отставкаға кетуін қабылдауды немесе қабылдамауды Мемлекет басшысы шешеді. Бірақ жұмыстан босату туралы арыз жазуы міндетті шара болуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Үкімет пен Президент Әкімшілігіне осы жиында көтерілген мәселелерді шешу үшін енгізілген ұсыныстар негізінде жұмыс істеу тапсырылды.

Ақорда

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.