• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ТҮРКІСТАН: АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ТАНЫМАЛ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

20.05.2019
0

«Jas Túrkіstan-2019» республикалық балалар шығармашылық марафонының екінші жұмыс күні Түркістан облысы, Келес ауданында жалғасты. Абай ауылындағы мәдениет үйінде өткен марафонда жергілікті мектептердің оқушылары өздері құрастырған роботтар мен машиналарын көпшілік назарына ұсынды. Өнертапқыш оқушылардың көрмесін тамашалаған Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген қаламгерлер мен бас редакторлар жас өрендердің қадамын оң бағалап, таңданыстарын жасыра алмады. Мағыналы кездесуді Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ашып берді.

«Келес ауданында  63 білім ұясында 33 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Қосымша біліммен қамтылған балалар саны 12000-нан асса, қосымша үйірмелерге тартылған балалар саны 7500-ге жетті. Кезінде Тоқаш Бердияров, Зиябек Рүстемов, Немат Келімбетов, Зәкір Асабаев тағы басқа тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Келес алдағы уақытта да ұлтын сүйетін ұландардың ордасына айналары сөзсіз. Бұл іс-шара оқушылардың дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне оң серпін береді», – деді аудан әкімі.

Абай төріндегі кездесуге Келес, Шардара, Қазығұрт, Жетісай, Мақтаарал және Сарыағаш аудандарының оқушылары мен ұстаздары қатысты. Оларға елге танымал қаламгерлер мен БАҚ басшылары ақыл-кеңестерін айтып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге оқушыларға «Ұлан», «Ақ желкен» және «Балдырған» балалар басылымдары таратылды.

Жиында «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры Жүсіпбек Қорғасбек «Жапонияда сәби күтіп жүрген келіншекті кітапханаға баруға міндеттейді екен. Мақсат – баланы құрсағында жатқан кезден бастап кітап оқуға қызықтыру» десе, «Балапан» телеарнасының бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы телеарнада балалар мен жасөспірімдердің дүниетанымын арттыратын жобалар көбейіп келе жатқанын айтты. Ал ұлттық аударма бюросының өкілі, ақын, журналист Есей Жеңісұлы «Осындағы әрбір оқушы ертең ата-ана болады. Олар тым болмаса өздерінің ұл-қыздары сұрақ қойғанда жауап бере алатындай білімді болсыншы. Қазір әлемде төртінші индустриалдық революция жүріп жатыр. Ол не? Дамыған елдер қатарына қосылу үшін не істеу қажет? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеу, ұлы міндеттерді орындау  – сендер сияқты өрендердің қолында» деді.

Жиында «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсенбек Мағлұмов, жазушы Аягүл Мантай, «Айқын» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Серікбол Хасан және «Ұлан» газетінің бас редакторы Жадыра Нармаханова, жазушы, драматург Әлібек Байбол сынды қаламгерлер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Өз өлеңдерін оқып, еркін пікір алмасқан оқушылар қаламгермен суретке түсіп, қимай қоштасты. Түрлі аудандардан келген ұстаздар мен шәкірттері осындай кездесулер жиі өтіп тұрса деген тілектерін жеткізді.

Кездесу соңында оқушыларға «Сақ» кионстудиясы түсірген «Түркістан» анимациялық фильмі көрсетілді.

Мәдениет үйіндегі кездесуден кейін қаламгерлер Келес ауданы, Қошқар ата ауылдық округіндегі «Өктемхан» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Жылына 60 тонна көкөніс шығаратын жылыжайда қызанақтардың кезекті түсімі жиналуға жақын тұр. Дәмі тіл үйіретін қызанақтан дәм татқан қонақтар еңбекқор Келес жұртшылығының іскерлігіне тәнті болды. «Jas Túrkіstan-2019» республикалық балалар шығармашылық марафонын ұйымдастырған Түркістан облысы әкімдігіне ризашылықтарын білдіріп, бұл жоба дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.