• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қос ғашықты табыстырған-мамандық

Ерлі-зайыпты полицей Нұрсұлтан мен Меруерт 6 жылдан бері жұптары жазылмай, қол ұстасып келеді. Бүгінгі мақаламыз, таңертең жұмысқа бірге шығып, кешкісін бірге қайтатын, тағдыры мен қызметі тоғысқан жандар жайлы болмақ.

17.05.2019
0

 Бұл мамандық – жауапкершілік пен шыдамдылықты қажет етеді. Сол себепті мен – полицей болып, әке жолын жалғап , абыроймен қызмет атқарып жүргенімді мақтанышпен айта аламын,-дейді бүгінгі кейіпкеріміз Нұрсұлтан Кулбаев. Әкесінің форма киіп, тәртіп сақшысы болып жүргеніне қызыққан жас бала кішкентайынан полицей болуды армандайды. Әкесі- Кулбаев Нуркен 22 жыл Сарыағаш АПБ-да қызмет атқарып, 2012 жылы зейнетке полиция капитаны лауазымында шыққан. Ал, анасы-педагог, мектепте бастауыш сыныпта басшылық қызметін атқаруда. Отбасында әкенің тағылымды, темірдей қатал тәрбиесін, ананың алғырлығы мен білімділік қасиетін бойына сіңірген тұңғыш ұл — Нұрсұлтан  бүгінде парасатты полицей. Інісі мен 2 қарындасының қорғаны, ата-анасының қамқоршысы болып отырған жайы бар. Әке жолын жалғаған ұлдардың үлкені – Нұрсұлтан Сарыағаш АПБ-ның АБ-нің анықтаушысы лауазымында болса, кішісі Нұрқанат 2018 жылы Қарағанды академиясын тәмамдап, қазіргі таңда Сарыағаш АПБ-нің тергеуші лауазымында қызмет абыройлы қызмет атқарып жүр.  Жан-жағына нұрын шашып, өз ісінің, отбасының Сұлтаны болсын деген ниетпен атын үлкендер ырымдап Нұрсұлтан қойған. Әке жолын жалғаған кейіпкеріміз 1990 жылдың 2-ақпанында Сарыағаш қаласында дүниеге келген екен. 1997 жылы №39 Т.Айбергенов атындағы мектепке бірінші сыныпқа барып, 2008 жылы аталған мектепті бітіріп шығады. Одан ары арман қуып ОҚО Шымкент заң колледжінде оқуға түсіп, 2010 жылы аяқтайды. Осылайша, Ішкі Істер саласында қызмет жасауға жол ашылып, алғашқы еңбек жолын Алматы қаласы МҚКБММ күзет басқармасында бастайды. 2011 жылы 29 желтоқсанынан бастап, 2012 жылдың қараша айына дейін, Сарыағаш аудандық полиция басқармасының КПЖБ-нің инспекторы лауазымында қызмет жасайды. Келесі қызмет сатысы 2012-2016 жылдар аралығында аталған аудандық ЖПҚ УПИ инспекторы болып жалғасады. 2016 жылдан бері, бүгінгі күнге дейін АБ-нің анықтаушысы лауазымында абыроймен жұмыс жасап келеді. Кейіпкеріміздің өмір жолы мен туып-өскен отбасы жайлы мағлұмат бердік. Енді, Меруерттей асыл жары турасында сөз қозғасақ. Меруерт 1991 жылы Сарыағашта дүниеге келген. 2006 жылы Сарыағаш қаласындағы «Капланбек» Заң колледжінде білім алған. 2012 жылдан Сарыағаш АПБ АТТ технигі болып қызметке келеді, шені-полиция сержанты. Жаңадан жұмысқа келген жас қыз Нұрсұлтанның жүрегін селк еткізеді. Өмір ойы іздеген ханшайымын тапқанын сезген Нұрсұлтан, ақ құсын қолына қондыру үшін бірден іске кіріседі. Қыздың көңілін аулап, сезімін білдіріп, 2013 жылдың қараша айында отбасын құрады.  

Қызметі байланысты қатал, талапшыл – тәртіп сақшылары үйде мейірімді ата-аналар. Полицей, күн-түн демей, қоғамдық тәртіпті қалыптастыру жолында еңбек етеді, бос уақыттың болуы кездейсоқ. Ал, жұмыстан босаған  сәттерде жас ата-аналар  балаларымен бірге болады. 2 қыз бала тәрбиелеп отырған жандар, олардың күнделікті тәрбиесімен айналысып, болашақта үлкен азаматтар болғанын қалайды. Алла берсе, көпбалалы отбасылардың қатарынан көрінуге де армандайды. 

Екі жасты жарастырған әуелі Алла, екінші осы таңдаған мамандықтары екені баршамызға белгілі болды. Екеуі бір жерде қызмет етіп, бір-бірін түрлі жайттарда тани жүріп, бауыр басып, үлкен өмірге қол ұстасып аяқ басқан. Бір шаңырақта тұрып, бір қызметте жүру, олар үшін қиын емес. Жас полицейлер қайта, ойымыз да, ісіміз де бір жерден шығып отырады деп, қуанады. Кей сәттерде, бір-бірімізге ақыл-кеңестерімізді айтып, демеу боламыз. Алға қойған жоспарламызды орындауда жақсы түсінісеміз,- дейді Нұрсұлтан мен Меруерт. Ел арасында,  мамандық пен өмірлік жар таңдауда дұрыс шешім қабылдасаң, бақытты боласың деген бұзылмас заңдылық қалыптасқан. Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз мамандық таңдауда қателеспегенін қызметтерінде беделді екендіктерінен байқауға болады. Себебі қызметтестері, басшылары Кулбаевтар жайлы жақсы пікір білдірді. Сондай-ақ, отбасындағы махаббатты, жылылықты көріп, екінші жар таңдауда да жолдары  болғанына қуанасың, қуана отырып бақыт тілейсің.  Бүгінде, Альмира мен Дидар есімді қыздардың ата-анасы болған жас полицейлерді болашақта жұптары жазылмай, қиын да қауіпті қызметтерін адал атқаратынына сенеміз. Жастардың жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілейміз!

Айдана Қанатбекқызы

ТО ПД баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.