ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің суреттерін қолға ұстағандар Тараз қаласының көшесінде жаяулатып жүріп, Жеңіс саябағына дейін барды. Айта кетейік, Жеңіс саябағы өткен жылы Асқар Исабекұлының тікелей бастамасымен толық жаңартылып, адам танымастай өзгерген болатын. «Ерлік» мемориалдық кешенінің ортасына облыстық драма театрының бір шетінде тұрған Бауыржан Момышұлының ескерткіші әкелінді. Сондай-ақ, Жамбыл облысынан шыққан 39 Кеңес Одағының Батыры мен 9 «Даңқ» ордені иегерлерінің есімдері жеке-жеке тақтайшаға жазылды.
Тараз қаласының тұрғындары мақтанып, марқайып жүрген осы саябақта «Мәңгілік алау» және Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Ұлы Жеңіс күнінде Жамбыл өңірінің басшысы Асқар Исабекұлы жиналғандарды мерекемен құттықтап, тұрғындарды бейбіт күннің бағасын білуге шақырды. Ардагерлерге құрмет көрсету басты парыз екенін айтып, жастарға өзі үлгі көрсетті. Яғни, патриоттық әндер шырқалғанда Әулиеатадағы ағайын тікесінен тік тұрып тыңдады.

Адамның рухын көтеретін «Жеңіс» саябағында Жеңіс күнінде тағы бір жаңалыққа жаршы болдық. Ғажайып нысан ашылды. «Даңқ залы» деп аталатын қос қабатты ғимараттың ішіне кірсеңіз естен танардай күй кешесіз.
Тарихтың талай құпиясын бейнелеген зал туралы сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өзіңіз арнайы барып, көзбен көргенде ғана батыр бабаларымыздың ерлігіне ерекше бас иесіз. Қан майдандағы қаһармандарға құрметіңіз күшейеді. Расымен соғыстың азабын жүрекпен түсінесіз.
Талайды тамсандырған ғимарат неге «Даңқ залы» деп аталған деген заңды сұрақ та туындауы мүмкін. Өйткені, музей сөзі ежелден келе жатқандықтан жұрттың құлағы елең етуі екі талай. Ал, зал деген сәтте жастардың көңілі, ықыласы ғимаратты көруге ынтық болуы мүмкін. Биліктегі басшылар осы мақсатты көздегендіктен «Даңқ залы» деп атаған. Расында атына заты сай ғимарат Жамбыл аймағындағы жұртшылықтың даңқын асқақтатты. Қызыға да, қызғана да қарайсыз. Жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайтын залдың бірінші қабатында 1 миллион 500 мың фотосурет шежірелері топтастырылған. Қабырғаға салынған суреттерге қарасаңыз көзіңізді тайдырмай қарайсыз. Алыстан бір ғана жауынгердің бейнесін көргендей боласыз. Жақындап барсаңыз сол суреттің ішінен мыңдаған адамның бейнесін көресіз.
1941 жылға арналған қабырғада «Барбороса» жоспарының картасы, Мәскеу үшін шайқастың көрінісі тұр. Ал, 1942 жылға негізделген қабырға «Ленинград блокадасына» арналған. Онда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың суреті, ақынның «Ленинградық өренім» атты отты өлең жолдары жазылған. 1943 жылға арналған қабырғадан Сталинград, Курск шайқастарын байқасаңыз, 1944-45 жылдардағы қабырғадан Жеңістің лебін сезінесіз. Иә, мұндай зал Қазақстанда тұңғыш рет ашылды десек артық айтпағанымыз болар.
Нысанның екінші қабатына көтерілсеңіз «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан. Мұнда батырдың балалық шағынан кемеңгерлік жасына дейінгі өмірін бейнелеген, шығармашылық қырын айшықтауға басымдық берген.
«Даңқ залы» ғимаратының негізгі авторы — Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы. Тарихқа деген құрметі өте жоғары Мырзахметов жиналған жұртшылықты залдың ішімен таныстыруға өзі кірісті. Әр детальді түсіндірді.
Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мекемтас Мырзахметовты құрметті қонақ ретінде шақыртылған. Олар жаңа туындымен танысты. Жеңістің 74 жылдық мерекесі күні 500 адамға ботқа таратылып, мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...
Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...
“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...
Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.