Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына сапары барысында жергілікті автожолдардың сапасының сын көтермейтінін және Алакөлдегі туристік сервисті жақсарту туралы айтқан еді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Осыған орай, Үкіметке және екі өңірдің әкімдеріне қысқа мерзімде кешенді шаралар ұйымдастыруға тапсырма берген болатын. Құзырлы мекемелер Президенттің осы сындарынан қорытынды шығарады деп ойлаймыз. Бұл Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.