ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірінші орынбасары болып Теңізжан Жәнібеков тағайындалды, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметінен.
«Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғымбаевтң бұйрығымен ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірінші орынбасары болып әділет полковнигі Жәнібеков Теңізжан Нұрмаханұлы тағайындалды», — делінген хабарда.
Бұған дейін Жәнібеков 2016 жылдан бері ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары болған.
«ҚР ішкі істер органдарында 1995 жылдан бастап ОҚО Әл-Фараби ауданы ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеуші көмекшісі болып бастаған. 2012 жылдан бері республиканың пенитенциарлық жүйесінде қызмет еткен. Әр жылдары Ақмола облысы, Алматы қ. мен Алматы облысында, ОҚО-да ҚАЖ департаменттерінде, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған, 2013-2016 жыл аралығында ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары болған», — делінген хабарда.