«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен біріге отырып Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне теміржолда жол бойы тегін жүру акциясының өтіп жатқанын хабарлайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұл акция «Жеңіс» деп аталатын республикалық әлеуметік–қайырымдылық жобаның аясында өтуде.
Акцияның шарттарына сай барлық ардагерлер «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты барша бағыттарда және де Компанияның ТМД аумағына жүретін пойыздарында тегін жүре алады. Оларға барлық вагондарда купе және де «Тұлпар-тальго» вагондарында «Турист» пен мүгедектерге арналған арнайы орындар қарастырылған.
Сонымен бірге сапар барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлерге тегін тамақ беріледі.
Жол билеттерін рәсімдеу үшін билет кассаларына жеке куәлікпен қоса Ұлы отан соғысы мен тыл ардагері екенін растайтын құжатты тапсыру керек.
ТМД аумағына сапар шегетін ардагерлер жол билетін тек Қазақстан Республикасында сатып ала алады.
Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ
Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...










