Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Өкімдерімен:

  • Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;
  • Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;
  • Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;
  • Нұрлан Қапанұлы Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды;
  • Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды;
  • Серік Базарбекұлы Ысмайылов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНДА БОЛДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНДА БОЛДЫ

Мемлекет басшысы «Білім-Инновация» лицей-интернатында болды. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнындағы білім беру процесінің ерекшелігі мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды. ▪️Лицейде жаратылыстану-математика...

АЭС– ҚУАТ КӨЗІ

АЭС– ҚУАТ КӨЗІ

Шаһарда Суретші,ақын, тарихшылар жиналып Аэс мәселесін ортаға салды. Қатысушылар баламалы энергия көзінің маңыздылығына тоқталды. Мамандардың айтуынша Атом электр станциясы 10-15жылда...