• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Ө. ШӨКЕЕВ: ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕРЛЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

04.05.2019
0
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Шардара ауданына барды. Онда ең алдымен Жаушықұм ауыл округіндегі  «Тұрар» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 2012 жылы жұмысын бастаған қожалық бүгінде 95 гектар жерді игеріп, пияз (35га),  мақта (45 га), бақша (20 га) дақылдарын егумен айналысады. Серіктестікте 20 адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Шаруа қожалығының жұмысымен танысқан облыс әкімі өнім көлемін арттыруда жаңа технологиялардың жетістігін баяндады.
«Егін шаруашылығында өнімді арттырудың бірден бір тәсілі – тамшылатып суғару технологиясын пайдалану. Суды да үнемдеу арқылы мол өнім алуға болады. Сондай-ақ, ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, кооперативтендіру қолға алу керек. Бұл ең алдымен шаруалар үшін тиімді. Сонымен қатар, игерілмей жатқан жерлер қатаң бақылауда болуы тиіс. Аграрлық өңір ретінде өз мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз қажет», — деді Өмірзақ Естайұлы.
Сапар аясында облыс әкімі Шардара қаласындағы №4 мөлтек ауданының инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету жұмысымен танысты. Бұдан өзге, «Шардара су электр стансасының» АҚ қайта жаңғырту жұмыстарын бақылады. 1968 жылы іске қосылған станса 1998 жылы «Шардара ГЭС» АҚ болып қайта құрылған. Қазіргі таңда онда 160-қа жуық жұмыс істейді. Бүгінде станса 50 мВт қуат көзін өндіріп келсе, қайта жаңғыртудан кейін 1 агрегаттың қосылу есебінен 57 мВт қуат көзін өндіруде. Барлық 4 агрегат қосылса,  электр қуатын өндіру 126 мВт-қа артатын болады.
Бұдан кейін аймақ басшысы Шардара су қоймасы бөгетінде Сүткент ауылындағы Сырдария өзенінің арна бағыттау бөгетінің жұмысымен танысты. Бөгеттің көлемі — 5200 млн. м3. Су өткізу мүмкіндігі – 200 м3/секунд. Су қоймасының пайдалану мақсаты — ирригация, энергетика және Сырдария өзенінің орта ағысындағы су тасқындарын алдын алу. 
Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы аудандағы «Хамит» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің балық өңдеу зауытына аялдады. 2007 жылы құрылған өндіріс орны бүгінде 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Зауытқа қажетті шикізат Шардара су қоймасынан, Атырау мен Аралдан тасымалданып, қайта өңделуде. Шығарылатын өнім экспортқа Еуропа елдеріне бағытталған. Жылына 2500 тонна балық өнімдерін өндіреді.
Сапарда өңір басшысы Шардара қаласында туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аймақ туризмін дамытуда туристерді қажетті демалыс аймақтарын көбейтіп, қызмет көрсету сапасын арттыру қажеттігін тапсырды.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Биыл үшінші мегаполисте 27 мыңнан астам бала алғаш рет білім ошағының табалдырығын аттады. Солардың қатарында №145 жаңа мектепке қабылданған оқушылар...

АРДАГЕРЛЕР ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ

АРДАГЕРЛЕР ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Ертеде патриотизм – Отан қорғап, ерлік жасау еді. Ал жаһанданған бүгінгі қоғамда елді цифрландыру жұмысына атсалысқан әр азамат – Отанының...

ЖАҺАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛАР МЕН ИНВЕСТОРЛАР БАС ҚОСТЫ

ЖАҺАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛАР МЕН ИНВЕСТОРЛАР БАС ҚОСТЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

     Шымкентте алғаш рет Орталық Азиядағы жаһандық технологиялық толқын халықаралық цифрлық конференциясы өтті. Бұл – технология саласындағы жаһандық көшбасшыларды,...

22 ЖАС ӘСКЕР ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

22 ЖАС ӘСКЕР ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

      Шымкенттен 22 жас сарбаз әскерге аттанды. Олар Отан алдындағы борышын Алматы облысындағы шекара шебінде өтейтін болады. Ертеңгі...

454 МЕТР ЖЫЛУ ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

454 МЕТР ЖЫЛУ ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

      Шымкентте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті «Қуатжылуорталық-3» кәсіпорнымен бірлесіп баспасөз турын өткізді. Мақсат – инвестициялық бағдарламаның орындалу...

МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ

МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

     «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Бұл қағида қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі саналады. Президенттің халыққа...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.