Ағымдағы жылғы 3 мамырда «Түркістан адалдық алаңы» шеңберінде Полиция Департаментінің жұмысын жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар қорытындысымен баспасөз конференциясы өтті.
Спикерлер Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ғ.Асанұлы және полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ә.Сейдуалиев болды.
Баспасөз жиынында Ғ.Асанұлы осы жылдың сәуір айында «Түркістан адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен Полиция органдарының жұмысын жетілдіру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, жол белгілеріне қатысты келіп түскен 15 ұсыныс туралы, көлік жүргізушілер куәліктерін қайта ауыстыру кезіндегі орын алған фактілерге қатысты және куәлік мерзімдері өтуіне байланысты айыппұл төлеудің алын-алу үшін жүргізушілерге СМС хабарлама жіберу бойынша енгізілген ұсынымдар туралы айтты.
Ал, Ә.Сейдуалиев Полиция Департаменті тарапынан атқарылған жұмыстар туралы толғырақ баяндап өтті.
Әбдуғани Тойшыұлы өз сөзінде полиция қызметінде тұрмыстық жемқорлықты төмендету бағытында мемлекеттік қызметтердің электронды үлесін арттыру бойынша, сондай-ақ, 1 шілдеден бастап тіркеу-емтихан бөлімшелері таратылып, олардың функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру туралы шешім қабылданғанын, Полиция Департаменті жанынан «Фронт-офис» ашылғанын, дәл осындай фронт-офистер шілде айына дейін барлық қалалық, аудандық полиция бөлімдерінде ашылатыны туралы атап өтті.
Баспасөз жиынының соңында спикерлерге журналистер тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, олар бойынша нақты жауаптар берілді.