Қазақстанның сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы болып Бақыт Батыршаев тағайындалды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінен.
«Бақыт Батыршаев ҚР сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайныдалды», — делінген жұмада таратылған хабарда.
Батыршаев бұрын 2013-2019 жылдар аралығында Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі – Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) жанындағы тұрақты өкілі, 2014-2019 жылдар аралығында қоса атқару бойынша Бахрейндегі елшісі болды. Оған дейін 2010-2013 жылдар аралығында ИЫҰ жанындағы Қазақстанның кеңесші-елшісі болды, оған дейін 2009-2010 жылдар аралығында Қазақстанның Сауд Аравиясындағы кеңесші-елшісі болған.