Түркістан қаласында цифрландыру бойынша «Smart Turkistan» форумы өтуде. Форумға 120 дан астам Қазақстандық IT — қауымдастық өкілдері, сонымен қатар ұлттық компаниялар, ғылыми -зерттеу институттары мен кәсіпкерлер қатысуда.
Еліміздің IT -мамандары ақылды қаланы құру үшін инновациялық идеяларды қосып қана қоймай, Түркістанның құрылыс саласына жаңа жүйені енгізуді жоспарлап отыр.
Бұл бастама ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында іске аспақ. «Smart Turkistan» форумында цифрландыру бойынша Түркістан облысының даму тұжырымдамасын, қызмет көрсету үлгісін, мемлекеттік және серіктестік арасындағы қарым қатынастың тиімді үлгісі ретінде Vendor Management Office арқылы жұмыс істеудің ашықтығын енгізу таныстырылуда.