• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Түркістандық ұлт-аспаптар оркестрі халықаралық өнер додасында бірінші орынды иеленді

02.05.2019
0

Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі халықаралық өнер додасында бірінші орынды иеленді.
Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығына орай «Жұбановтар әуені – 2019» Халықаралық Ұлт аспаптар оркестрлер мен ансамбльдердің фестиваль-байқауын ұйымдастырған болатын.
қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы , академик Ахмет Жұбановтың туған күнімен тұспа-тұс келген дәстүрлі шараға 5 мемлекеттің және өз еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған кәсіби музыканың хас шеберлері қатысты. Атап айтқанда, Тәжікстан Республикасынан «Чоргох» квартеті, Қырғызстанның Бішкек қаласының ансамблі, Түркияның «Анадолы» триосы, сондай-ақ, Нұр- сұлтан, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Шыңғырлау, Алматы және Ақтөбе қалаларының ұлт-аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерден құралған 180 өнер ұжымы бақ сынады. Фестивальге қатысушылар Жұбановтар дүниеге келген қасиетті топырақта қолтаңбаларын қалдыру мақсатында Өнер орталығының алдына жасыл-желек отырғызды.
Ресей Федерациясының халық артисі Александр Цыганков қазылар алқасына төрағалық етсе, Түркия және отандық музыкатанушылар да төрелік етіп, ұлттық өнерлерді сарапқа салды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында өткізілген фестивальде түркістандық өнер ұжымы А.Жұбановтың «Қазақ маршы», Ғ.Жұбанованың «Мерекелік увертюра», Сүгірдің «Шалқыма», Н.Бейсеқожаевтың «Нұрлы жол» шығармаларын және В.А.Моцарттың «Свадьба Фигаро», Демшинканың «Веселые ковбой» туындыныларын орындап, үздік деп танылды.
Байқау нәтижесі бойынша бас жүлде Ақтөбе облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі мен Қызылорда облыстық филармониясының «Ақмешіт» фольклорлық ансамбліне бұйырды. Ал бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Астана сазы» фольклорлық ансамблі мен Түркістан облысының Сүгір атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі және Қарағандының Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі алды. Екінші орынды К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Қырғызстаннан келген «Қырғыз» ансамблі, сондай-ақ Алматы облысынан келген «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі иеленсе, үшінші орынды Түркияның Стамбұл қаласынан келген «Анадолы» триосы мен Тәжікстанның Душанбе қаласынан келген «Чоргох» тобы және А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің халық ұлт аспаптар оркестрі бөлісті.
Фестивальға қатысушылар «Үздік солист», «Үздік дирижер», «Үздік вокалист» номинацияларымен де марапатталды.
Айта кетсек, Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы қазақ ұлт-аспапатар оркестрі 2002 жылы құрылған.
2008 жылы облыстық ғылыми тәжірибелік конференцияда профессор Өтеген Ғұбайдулиннің ұсынысымен оркестрге дәулескер күйші-композитор, шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлының есімі берілген.
Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі М. Маңғытаев, Б. Төлегенова, Н. Нүсіпжанов, Н. Үсенбаева, М. Мұхамедқызы, Б. Бөкенов, Т. Күзенбаев, Т. Бурмистрова сынды қазақ өнері майталмандарының концерттерін сүйемелдесе, Ж. Бегендіков, Д. Ғылымов, А.Жүдебаев, Е. Ахмедияров тағы да басқа танымал өнер шеберлері түрлі өнер фестивальдарда аталған оркестрге дирижерлік етті.
Қазіргі таңда оркестр құрамында 45 әртіс жұмыс жасауда.
Оркестрдің бас дирижері халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты — Ерлан Дәуренбеков.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.