Сонымен, көптен күткен күн келіп, сіздің балаңыз дүниеге келді. Сіздің барлық құжаттарды рәсімдегіңіз келеді, бірақ балаға көп уақыт бөлу керек және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) бару қажеттілігі сізді қиын жағдайға қояды.
Бұл жағдайда баланың тууын тіркеуге өтініш беруге, оны балабақша кезегіне қоюға және жәрдемақы ресімдеуге мүмкіндік беретін белсенді қызмет ыңғайлы болады.
Қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет.
Мұны төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жасай аласыз:
-
ЭЦҚ қол қоя отырып, eGov.kz порталының Жеке кабинеті арқылы дербес (МАБ-та тіркелу бойынша нұсқаулық);
-
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) филиалдарының кез келген қызметкерлеріне жүгіну;
-
Перинаталдық орталықтар мен перзентхана жанындағы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ өкілдеріне жүгіну;
Қызмет тегін, тек телефон нөмірінде оң теңгерім болуы керек.
Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, сізге қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттың қадамдық сұрауымен құттықтау СМС-ін жібереді. СМС сондай-ақ Telegram-бот сілтемесін қамтиды (https://t.me/EgovKzBot), бұл Telegram қосымшасы арқылы қызметті алу мүмкіндігін білдіреді.
Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әр түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жеткіліксіз болса баланың анасынан толтырудың қысқаша мысалдарын қамтитын СМС-сауалдар арқылы сұралады.
Мысал.
1. Құттықтауы бар СМС келіп түскен кезде сізге қызметті алу тілін таңдау керек, оған R X X форматында жауап беру керек, мұнда X – хабарламада көрсетілген сандар.
Мысал СМС: |
Сәлеметсіз бе, <аты>! Сізді нәрестелі болуыңызбен құттықтаймыз! Қызмет көрсету тілін таңдаңыз. Ол үшін осындай СМС жіберіңіз R 1 1 — қазақша, R 1 2 – орысшаСәлеметсіз бе, <аты>! Сізді нәрестелі болуыңызбен құттықтаймыз! Қызмет көрсету тілін таңдаңыз. Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 1 1 — қазақша, R 1 2 – орысша / |
Жауап үлгісі |
R 1 2 |
Бұл маңызды! Есте сақтаңыз, хабарлама R ағылшын әрпінен басталуы және оның алдында бос орынның болмауы тиіс, бірақ R әрпі мен әр цифр арасында бос орындар болуы (мысалы, R 1 2) тиіс. Жауаптың соңғы символынан (цифрынан) кейін бос орын болмауы тиіс. Бос орын ретінде басқа таңбаларды, жол тасымалдарын немесе қос бос орындарды пайдалануға болмайды. Қателер ақпараттық жүйенің сұратуын өңдеуге кедергі келтіруі мүмкін. Бұл барлық СМС жауаптарын ресімдеуге қатысты.
2. Одан кейін сізде неке туралы мәліметтер сұралады.
Мысал СМС: |
Сіз некеде тұрасыз ба? Осындай мәтінді СМС жіберіңіз: R 1 1 — иә, R 1 2 — жоқ |
Жауап үлгісі |
R 1 1(егер АХАЖ АЖ-да сіздің некеңіз туралы электрондық жазба бар болса жауап осындай болады) |
R 1 2(егер сіз жалғызбасты ана немесе азаматтық некеде тұрсаңыз жауап осындай болады) |
3. Белгілі бір уақыттан кейін сізге баланың тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) сұраумен мынадай СМС-хабарлама келіп түседі.
Мысал СМС: |
Туу туралы куәлікті алу үшін баланың аты-жөнін жазыңыз (қажет болған жағдайда қазақ әліпбиінің ерекше әріптерін ескеру қажет). Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 8 Тегі;Аты;Әкесінің аты |
Жауап үлгісі |
R 8 Ахметов;Арман;Аскарович |
Бұл маңызды! Тегі, аты және әкесінің атының арасын бөлу нүктелі үтір «;» символы арқылы жүзеге асырылатынына назар аударыңыз, яғни бос орынсыз және басқа символдарсыз. Жауаптың соңғы символынан кейін бос орын болмауы керек.
4. Аты-жөні жіберілгеннен кейін сізге білім деңгейіңіз, кіріс көзі және тіркеуші орган туралы мәліметтерді ұсыну бойынша СМС-сауалдар келіп түседі.
Мысал СМС: |
Баланы тіркеу үшін АХАТ бөлімін растаңыз. Ықтимал бөлідер: Алматы қ. №1 АХАЖ бөлімі – 1; Нұр-Сұлтан қ. АХАЖ бөлімі – 2 және т.б.. Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 1 1 бөлімше №; R 1 2 – тізімде жоқ. |
Жауап үлгісі |
R 1 1 1 |
Мысал СМС: |
Білім туралы ақпаратты көрсетіңіз. Жоғары – 1; Аяқталмаған жоғары – 2…. Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 1 1 «сіздің біліміңіз» «жұбайыңыздың білімі (тіркелген неке болған жағдайда)» егер ақпарат беруге келіссеңіз; R 1 2 – егер келіспесеңіз. |
Жауап үлгісі |
R 1 1 2 1 |
Мысал СМС: |
Табыс көзі туралы ақпаратты көрсетіңіз. Шәкіртақы – 1; Жалдамалы жұмыс – 2… Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 1 1 «сіздің табыс көзіңіз» «жұбайыңыздың табыс көзі (тіркелген неке болған жағдайда)» егер ақпарат беруге келіссеңіз; R 1 2 – егер келіспесеңіз. |
Жауап үлгісі |
R 1 1 2 2 |
5. Осыдан кейін тіркеуге электрондық өтінім қалыптастырылады, ол таңдалған тіркеуші органға жіберіледі. Бұл туралы баланың тууын тіркеу жөніндегі өтінімнің мәртебесі бойынша қосымша ақпараттық хабарламамен хабарланатын болады.
Мысал СМС: |
Баланың тууын тіркеу. Өтінімнің мәртебесі: (қабылданды)Баланың тууын тіркеу. Өтінімнің мәртебесі: (тіркелді) |
6. Тіркеуден кейін сізге туу туралы куәлікті алу орны көрсетілген және туу туралы медициналық анықтаманы алып, құжат алу үшін келу туралы өтінішпен СМС жіберіледі.
Мысал СМС: |
Ахметов Арман Аскарович (ЖСН 181212351966) туу туралы куәлікті алу үшін Сізге 17.12.2018 Достық к-сі, 12, мекен-жайына келу керек. Өзіңізбен бірге баланың туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын әкелу қажет. |
7. Келесі қадамда сізге баланы балабақшаға кезекке қою үшін елді мекенді таңдауға сұрау, сондай-ақ кезекке қою кезңнде жеңілдіктерге құқықтардың бар-жоғы туралы сұрақ келеді.
Мысал СМС: |
Балабақшаға кезекке қою үшін елді мекен таңдаңыз. Ықтимал аймақтар: Нұр-Султан қ. – 1; Алматы қ. — 2. Ол үшін осындай СМС жіберіңіз: R 6 1 1 — таңдаған болсаңыз; R 6 2 – тізімде жоқ. |
Жауап үлгісі |
R 6 1 1 |
Мысал СМС: |
Балабақшаға жеңілдікті кезекке қою құқығы бар ма? Осындай мәтінді СМС жіберіңіз: R 1 1 — Иә, R 1 2 — Жоқ |
Жауап үлгісі |
R 1 2 |
8. Жоғарыда аталған жауаптарды жібергеннен кейін балабақшаға кезекке қою туралы өтінім әкімдікке жіберіледі, бұл туралы өтінімнің мәртебесі көрсетілген СМС-хабарламада хабарланады.
Мысал СМС: |
Баланы балабақшаға кезекке қою. Өтінімнің мәртебесі: Қабылданды |
9. Келесі қадамда сіз кезек нөмірі бар СМС-хабарлама және жәрдемақы ресімдеу үшін баланың туу кезегін растау үшін сұрау аласыз, себебі оның мөлшері балалардың санына байланысты.
Мысал СМС: |
Сіздің балаңыздың балабақшаға кезек нөмірі №345. Туылған баланың нешінші екенін көрсетіңіз? «R 1 N» мәтіні бар СМС жолдаңыз (N — баланың реттік саны). Жауап үлгісі R 1 1 |
Жауап үлгісі |
R 1 1 |
10. Егер балалар санын тексеру сәтті өтсе, сізге жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау үшін банктік шоттың нөмірін растау/енгізу үшін СМС-сұрау түседі.
Мысал СМС: |
Сіздің банктік шот нөмірін растаңыз:KZ123456789PO258746Z — 1. Осындай СМС жіберіңіз: «R 3 1 шоттың реттік нөмірі» — егер таңдасаңыз; «R 3 2 20-таңбалы шот нөмірі, егер бар болса» |
Жауап үлгісі |
R 3 1 1(жауап, егер 1 нөміріне шот таңдалса) |
R 3 2 KZ987654321PO258746Z(жауап, басқа шотты көрсету қажет болса) |
11. Бұдан әрі уәкілетті органдардың қарауына келіп түсетін электрондық өтінім қалыптастырылады және оның қорытындысы бойынша жәрдемақы тағайындалады, бұл туралы сізге СМС арқылы хабарланады.
Мысал СМС: |
Бала тууға жәрдемақы тағайындау. Өтінімнің мәртебесі: Қабылданды |
Мысал СМС: |
Сізге KZ123456789PO258746Z шотына 71000 тг бір жолғы төлем және ай сайын 65000 тг есептеледі |