ҚР Үкіметінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асырудың тәсілдері мақұлданды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асырудың тәсілдері мақұлданды.

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру арқылы ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту міндетін қойды.

Перспективалық ауылдарды анықтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбек баяндады. Жоба ауылдағы тұрмыс жағдайын жақсартуға, ауыл аумақтарының әлеуметтік ортасын жаңғыртуға, оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізуге бағытталған.

2019 жылы облыстардың әкімдіктері 454 іс-шара өткізу жоспарланған аудан орталықтары қатарынан 52 ауылдық елді мекенді іріктеп алды. Таңдап алынған ауылдардың перспективалары, жобаларды іске асыру белгілері мен жоспарлары туралы Алматы облысының әкімі А. Баталов, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов баяндады, бұл өңірлерде жобаларды жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландырудың жоғары көрсеткіштері белгіленген. Жобаны одан әрі іске асыру мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев ұсыныстарын жеткізді.

ҚР Үкіметінің басшысы баяндамаларды тыңдағаннан кейін, 2025 жылға дейін «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 6,1 млн тұрғыны бар 2 мыңға жуық елді мекен немесе барлық ауыл тұрғындарының 80% қамтылатынын атап өтті. Ауылдық елді мекендерді жаңғырту мақсатында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздейтін өңірлік стандарттар әзірленген.

«Кіші урбанизация – ауылдарды жаңғыртуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды», — деп Асқар Мамин, жобаны іске асырудың мақұлданған тәсілдерін тиімді орындауды, жобаны уақытылы қаржыландыру үшін тиісті нормативтік актілерді пысықтауды тапсырды.

Әкімдіктер «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды 20% дейін арттыру мүмкіндігін қарауы тіис, сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға қаражат тарту мәселесін ірі кәсіпорындармен бірлесіп пысықтап, туған ауылдарын көркейту бойынша меценаттармен жұмыс жүргізу қажет.

Бұдан өзге, әрбір өңірге «Жол картасын» жасау тапсырылды, онда іске асыру мерзімдері мен жауапты адамдар нақты көрсетілуі керек.

«Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін – мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау орындарын жөндеу, елді мекендердің ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарын осы жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау қажет», — деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

рrimeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...