• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының «Достық» орденімен марапатталды

29.04.2019
0

Қытай Халық Республикасының Халық жиналасы үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін тату көршілік қарым-қатынасты ілгерілетуге және жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан зор үлесі үшін  «Достық» орденімен ресми марапаттау рәсімі өтті.

«Мен 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап тәуелсіз Қазақстанның Қытаймен ынтымақтастығын дамыту және нығайту жолында жұмыс істеп келе жатқанымды атап өткім келеді. Сіздердің мемлекеттеріңізбен өзара сенімге және тату көршілікке негізделген қатынастар орнатқанымызға қуаныштымын. Біздің ынтымақтастығымыз үлгі тұтарлық. Елдеріміз өңірде және жаһандық деңгейде бейбітшілікті, трақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру үдерісіне және оның жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру ісіндегі маңыздылығына  тоқталды.

«Қысқа мерзім ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы әлемдік табысты жобалар қатарына енді. Си Цзиньпин мырзаның бәрімізді бірігуге бастайтын даму идеясы бүгінгі сын-қатерлерге тиімді жауап ретінде қалыптасты. Қытай ұсынған халықаралық ынтымақтастықтың жаңа платформасы Азия, Еуропа және Африканың көптеген елдерінің дамуында аса маңызды саяси, экономикалық және мәдени рөл атқаруда», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумы өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту мәселелеріне арналған маңызды басқосуға айналғанын айтты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, сондай-ақ, екі елдің экономикалық жобаларды іске асыруға бағытталған бірлескен жұмысының нәтижелеріне тоқталды.

«Осы мүмкіндікті пайдалан отырып, Сізді, Төраға Си Цзиньпин, Қытай Үкіметін және халқын «Бір белдеу, бір жол» форумын табысты өткізулеріңізбен құттықтаймын. Қытайлық ерекшелігі бар «жаңа дәуір» социализмін құру және «қытай арманын» жүзеге асыру жөніндегі барлық мақсаттар мен міндеттер Сіздің және Қытай Коммунистік партиясының басшылығымен орындалады деп сенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қытай мемлекетінің басшылығы мен халқына көрсеткен қонақжайлығы мен марапаты үшін ризашылық білдірді.

«Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктестігі халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая береді деп үміттенемін. Сізге аса жауапты мемлекеттік қызметіңізде – жаңа жетістіктер, ал достас Қытай халқына бақ-береке тілеймін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның Тұңғыш Президентінің екі жақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесіне тоқталып, Елбасының халықаралық ынтымақтастықты дамыту ісіне сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

«Бүгін біз Қытай халқының нағыз досы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының жоғары сыртқы марапаты – «Достық» орденін ресми табыс ету рәсімін өткізіп отырмыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл әлемде зор беделі бар. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің негізін қалап, осы қатынастарды әрдайым дамытып келеді. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрып, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске бастамашы болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзінің саяси көрегендігінің арқасында осы ұйымдарды дамытып, өңірлік және жаһандық деңгейде бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға зор үлес қосып келеді», – деді Си Цзиньпин.

akorda.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.