Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отырыстағы сөзінен соң жарыссөзге түрлі мамандық иесі болып табылатын ұлт өкілдері жарыссөзге шығып өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Мұнан соң, Ассамблея сессиясын қорытындылаған Төраға Ассамблея жұмысының алдағы жоспарларын сөз етіп, аздап әзілдеді.
Бүгінгі сессияның жұмысын тәмамдағалы жатырмыз. Айтылған сөз, жасалған баяндама барлығы біздің жолымыздың дұрыс екендігін білдіреді. Брлық мінберде сөйлеген сөз ол біздің идеологиямыз дәлелдейтін жолымыздың дұрыс екендігін көрсетеді. Әр сессия сайын қазақ тілінде өзге ұлттың қазақ тілінде өте жақсы сөйлейтіндігін көреміз. Айтады ғой кез-келген қазақ орыс ұлтынан орысшаны жақсы сөйлейді. Міне, бүгін Алла мен Смағұлдың қазақ тіліндегі сөзі кез-келген қазақ азаматынан жақсы сөйлеп отыр, — деді Елбасы Н.Назарбаев әзілдеп.
Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қазіргі уақытта Ел Президенті болмағандықтан бүгінгі мақтауларды емін-еркін, уақытқа қарамай тыңдап отыра бере алатындығын тілге тиек етіп, жиналған жұртшылықты өзінің әдемі әзілімен бір серпілтіп алды.
Сөз соңында сессия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы елімізге амандық саулық тіледі.