Белгілі журналист, тележүргізуші Жанжігіт Омарxан «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды.
Жанжігіт Абзалбекұлы Омарxан журналистика, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының бакалавры, Әлеуметтік ғылымдар магистрі (журналистика).
БАҚ саласында еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасы бағдарламалар қызметінің репортеры, тілшісі ретінде бастаған.
2010-2011 ж.ж. «Астана» телеарнасындағы «Қайырлы таң»,»Қауіпсіз жол» бағдарламаларының тележүргізушісі;
2011-2015 ж.ж. Қазақстан ұлттық арнасында «Иман айнасы» бағдарламасының жүргізушісі;
2015-2016 ж.ж. «Еуразия бірінші» телеарнасының «Ашығын айтқанда» ток-шоуының жүргізушісі;
2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында «Астана» телеарнасындағы авторлық «Өзекті» тележобасының жүргізушісі, жетекшісі;
2018-2019 ж.ж. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысының орынбасары;
02/2019 ж. Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы қызметін атқарған.