• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Мақтааралда браконьерлер қолға түсті

27.04.2019
0

Браконьерлер қолға түсті. Табиғат қаскөйлері осы уақытқа дейін Мақтааралда тайраңдап жүрген. Олардың әрекеті адам өліміне дейін жетті. Басқа шыққан браконьерлер құрықтың қармағына ілініп, қолға түсті. Балықты заңсыз аулап жүргендерді кімдер қорғаштап жүр? Осы мәселе бұлыңғыр.

 Мақтааралда «басқа шыққан браконьерлер» бассыздығы жүйеге айналған. Олар Сырдариядан балықты заңсыз аулап, жәйбарақат жүріп, еті үйренген. Мұнымен біз, біреуді даттап, қаралаудан аулақпыз. Бірақ, саусақпен санарлық су қорықшылары заң бұзушылармен күресуге шамасы жетпей жүр. Басынған брокеньерлер жағадан алған сәтте, құқық қорғау органдарының өзі әлсіздік танытып отыр. Прокурор, полиция, орман шаруашылығы,  тіпті министрлікке қарайтын жауапты мекемелердің үнсіз отырғаны күдік ұялатады. Бәлкім, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайластықтың ордасы осы бір «көлеңкелі» бизнесте шығар. Біздің аймақтың жауаптылары заңсыз істің дәл ортасында жүрген тобырға тыйым сала алмай жүргенде, табиғаттың жауһарларын жоғалтып жатырмыз. Балықтың  уылдырықтары қалмай барады. Бейресми мәліметке сүйенсек, брокеньерлер бір күннің өзінде тонналаған балықты тысқа тасып үлгереді. Олар заңға пысқырған. Мысалы, күні бүгін 27-сәуірде электр тоғымен балық аулаған бір топ брокеньерлер ішінен үш адам қолға түсті. Дәл осы үш көліктің өзінде 150 кг жуық балық болыпты. Ең қызығы, қолға түскен қаскөйлер мінген мотоциклдерінің бірі де тіркеуде жоқ. Браконьерлердің арам пиғылын іске асыруда қолданатын мотоциклдерге неге салық төленбейді?

Сорақысы сол, бұған дейін ұсталғандардың ішінде тек браконьерлер емес, тіпті тәртіп сақшысының өзі де болған. Су қорықшыларының қолына түскен полиция қызметкерін табиғат жанашырлары  бейнетаспаға да жазып алыпты.

Қалтасында қызметтік құжаты, оқталған тапаншасы бар тәртіп сақшысы  бұл бассыздығынан соң ауыр жазалануы  қажет болатын. Алайда полиция қызметкері заңсыз әрекетінен кейін де білек сыбана өз жұмысына қайта кірісіпті. Оның сұғанақ сыбайластыққа жол бермей жүргеніне кім кепіл? Бұл тұрғыда, Мақтаарал аудандық полиция басқармасының бастығы тиісті шешім қабылдамағанына қайран қаласыз.

Мәселеге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі баса назар аударып, бақылауға алуын қажет етіп отыр. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында браконьерлерге қатаң шара қолданылып, заңсыз балық бизнесімен айналысып жүргендердің талайына тұсау салынып еді. Ал Түркістан облысындағы ұйымдасқан тобырға тіпті биліктегілердің тісі батпай жүр.  Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков дәл осы маңызды мәселеде,  Маңғыстаудағы тәжірибесін іске асырса игі. Департамент бастығы балықтың заңсыз бизнесіне бей-жай қарамаса,  көп ұзамай көлеңкедегі тірліктің ақ-қарасы анықталар. Заңбұзушылықтың  тамырына балта шабылар деген үміттеміз.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.